Студенттік жобаларды қорғау

2019 жылығы 20 қарашада «Топырақтану негіздеріндегі тәжірибелік биология» пәні бойынша (аға оқытушы – М. М. Рулёва) "5В011300-Биология" білім беру бағдарламасының 4 курс көптілділік бөлімінің студернттерімен ашық сабақ өтті. 

Сабақ тақырыбы: Қостанай облысы аудандарының топырағын зерттеу және олардың жарамдылығын бағалау. Жобаны қорғау. 

10 апта созылған уақыт ішінде студенттер зерттеу жобаларын орындады, жоба барысында студенттер өздері тұратын ауданнан алынған топырақ үлгілеріне зерттеу жүргізу үшін, бірқатар әдістемелерді игеріп, оның нәтижесінде олар топырақтың механикалық, физикалық және химиялық қасиеттерін анықтап және жер пайдаланушыларға бірқатар ұсыныстар беруі қажет болды. Оқытушы әзірлеген өлшемдер мен дескрипторлар бойынша жобаларды студенттердің өздері бағалады. Сарапшылардың жұмысыда арнайы өлшемдер бойынша бағаланды. 

Бес студент "Топырақ мезофаунасы және оны мекендейтін орта жағдайындағы антропогендік және климаттық факторлар әсерінен Солтүстік Қазақстанның дала экожүйелерінің өзгеру динамикасы "/Innovations for Sustainable use of Agricultural Resource sand Climat eadaption in the Arid Steppes of Kazakhstan and Southwestern Siberia (ReKKS/") тақырыбында халықаралық жобасының жұмыс тобы құрамына кіреді және Германиялық серіктестермен бірнеше рет далалық зерттеулерге қатысып, онда тәжірибе жүзінде топырақты қосу әдістерін игерген. Жоба жұмысына қатысу арқылы студенттерге бірқатар берілді, олар өз жобаларын орындап қана қоймай, сонымен қатар басқа студенттердің жұмысын жандандырып, өз жұмыстарымен үйлестіре алды. 

Нәтижесінде студенттердің пәнді оқу аясында жобаларды қорғау бойынша қажетті құжаттар пакеті жасалды.

20 11 2019 2b

20 11 2019 4b

20 11 2019 3b

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз