"Zamannyn zerdeli jastary" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

 2019 жылы 15 қарашада "География" және "Химия" мамандықтары бойынша жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттері этносаралық қатынастарды нығайту және қолдау мақсатында Қостанай облысының жоғары оқу орындары арасында "Zamannyn zerdeli jastary" Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Байқаудың бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша жаратылыстану ғылымдары кафедрасы студенттерінің келесі ғылыми жобалары екінші кезеңге өтті: "(Ұлтаралық құрмет – Қазақстанның гүлденуінің кепілі", "Ақтөбе облысының туристік маршруттарын әзірлеу", "Жаңа Жібек Жолы аясындағы іскерлік туризмді дамыту", "Серпін-2050 "студентінің әлеуметтік – демографиялық портреті", (педагогикалық білім магистрі Г. К. Баубекованың, география магистрі К. И. Омарованың жетекшілік етуімен).

"География" мамандығының 4 курс студенттері Аяулым Қайрат пен Есеналиева Айгерім "Ұлтаралық құрмет – Қазақстанның гүлденуінің кепілі" жобасымен жеңімпаз атанды. Үшінші орынды "География" мамандығының 4 курс студенттері Евжанова Мадина мен Мельник Никита иеленді.

Байқау қорытындысы бойынша дипломдар мен бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудегі ерекше жетістіктері үшін Федорова Юлия, Танат Данагуль және Митрофаненко Юлия алғыс хаттармен марапатталды.

Кафедра студенттері мен оқытушыларын құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, өркендеу, жаңа жеңістер тілейміз!

.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті "Zamannyn zerdeli jastary" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция