«100 жаңа кітап» кураторлық сағат

2019 жылы 24 қазан күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру аясында «Химия» және «Биология» мамандығының 1, 3 курс студенттері мен оқытушылар Ж. Т. Сүйіндікова мен Э. А. Ардакованың ұйымдастыруымен «Антропология тарихы мен теориясы» атты Алан Барнардтың және Ли Энн пек, Гай С. Рилдың «Медиа этика. Жас мамандар тәжірибесінен» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерді өткізуінің мақсаты: студенттерді оқулықпен таныстыру, жас ұрпақты жалпы әлемдік зияткерлік құндылықтарға баулу және өскелең ұрпақтың білім деңгейін арттыруға ықпал ету.

Студенттер Ахмет Жанбота, Абдырахман Молдир, Еркеш Зибагул, Шалтенова Айтолкын, Алиасқар Таңсұлу, Мырзагалиева Жайна, Мұханова Әсемкүл, Өскенбай Айдана, Сәпи Аида, Ибраева Айман, Кабдырахманова Гулим, Жаркинова Амина «100 жаңа кітап» жобасы аясында аударылған кітаптармен таныстырды. Ұсынылған презентациялар бойынша аталған кітаптардың мазмұны, құрылымы, авторлары жөнінде айтылды. Презентациялар студенттердің қызығушылығын тудырып, «БАҚ саласындағы өзара әрекеттесу мәселесі», «академиялық парасаттылық», «диффузионизм теориясы және мәдени аймақтар», функционализм және құрылымдық функционализм мәселелері талқыланды.

Жаһандану дәуірінде барлық ағымдағы сын-қатерлер мен уақыт қатерін қабылдайтын жаңа ұрпақтың қалыптасуы аса маңызды болып табылады. Бұл үшін негізгі құрал – білім.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз