«Ұстаз аты - ұлы тұлға»

Қыркүйек айының 30-шы жұлдызында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті жаратылыстану-математика факультетінің, жаратылыстану ғылымдары кафедрасында химия мамандығының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты - ұлы тұлға» атты іс-шара өткізілді.

Бұл мерекелік іс-шараның көздеген мақсаты студенттерді ұстаз еңбегін құрметтеп, әрқашан бағалай білуге үйрету және 1 курс студенттерін кафедра оқытушыларымен таныстыру болатын. Химия мамандығының 1-4 курс студенттері өз өнерлерін ортаға салып, өткізілген мерекеге белсене ат салысты. Мерекелік іс-шара қонақтары ретінде жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Баубекова Г.К., химия ғылымдарының кандидаттары Жумагалиева Б.М., Абдыкаликова К.А., Таурбаева Г.У., педагогика ғылымдарының кандидаттары Важева Н.В., Чернявская О.М., химия магистрі Губенко М.А., туризм магистрі Баймаганбетова К.Т., химия магистрі Тауакелов Ч.А., Ардакова Э.А. шақырылды. Мереке соңында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Баубекова Г.К., химия ғылымдарының кандидаты, Абдыкаликова К.А. өз ризашылықтарын білдірді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз