Германиядан келген шетелдік серіктестердің қатысуымен өткен дала практикумы

«Current trends in the assessment of global and local changes of natural ecosystems and the teaching of biological and geographical cycle disciplines» біліктілікті арттыру курсының практикалық кезеңі аясында шетелдік серіктестердің қатысуымен 2019 жылғы 14 мамырда жұмыс сапары далалық аймақта (Қостанай ауданында) жүргізілді.

Сапарға қатысушылар – Лейбниц университеті топырақтану институтының директоры, Германияның топырақтану қоғамдастығының президенті, профессор, доктор Георг Гуггенбергер; PhD, аға ғылыми қызметкері Шибистова Ольга Борисовна (Лейбниц университетінің топырақтану институты (Ганновер, Германия), ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы ҒЗО-ның басшысы, профессор, биология ғылымдарының докторы Брагина Татьяна Михайловна,  биология магистрі Бобренко Марина Александровна, «Биология» және «География» мамандығының 2-3 курс студенттері.

Профессор, ғылым докторы Георг Гуггенбергер дала жағдайында тәжірибелік сабақ өткізіп, қатысушыларды топырақ қимасын салу әдістемесімен және оның морфологиялық белгілері бойынша сипаттамасымен таныстырды. Топырақ қимасын салу алдында қарастырылатын топырақтың топырақ түзілу факторлары талқыланды. Практикалық сабақ барысында қатысушылар топырақ кесінділерін салу технологиясын және топырақ профилін сипаттауды игерді.

Қорыта келгенде, қарастырылып отырған топырақтың құнарлылығы, оның генезисі туралы шешім жасалды, сондай-ақ осы топырақты ауыл шаруашылығында пайдалану перспективалары талқыланды.

Профессор, биология ғылымдарының докторы Брагина Татьяна Михайловна топырақты жануарлардың топырақтықжаралу рөліне ерекше көңіл бөлді және қатысушыларды топырақ-зоологиялық сынамаларды алу әдісімен таныстырды.

Қатысушылар өткізілген жұмыстарға риза болды. Студенттер алдағы уақытта да осындай іс-шараларға қатысуға ниет білдірді.

Біліктілікті арттыру курсы шеңберінде практикалық кезең өткізгені үшін Германиядан келген серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз!

-

-

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Германиядан келген шетелдік серіктестердің қатысуымен өткен дала практикумы