«Тігін бұйымдарын жобалау және жасау» бойынша біліктілігін арттыру курсы

Қостанай мемелекеттік педагогикалық университеті базасының оқу шеберхансында 2019 жылғы 13 – 24 мамыр аралығында оқытушылар мен студенттерге арналған «Тігін бұйымдарын жобалау және жасау» бойынша біліктілігін арттыру курсы болып өтті.

Біліктілікті арттыру курсы 45 сағат көлемінде практикалық негізде өтілді. Курсты информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика білімдерінің магистрі Д.К. Абдимоминова өткізді.
Курстың мақсаты: тігін бұйымдарын жобалауды және оларды тіге білуді үйрену.

Курсқа 18 адам қатысып, барлық көзделген мақсаттарға қол жеткізіп, шығармашылық бағытта тиімді жұмыс істей алды.
Курс барысында студенттер тігін бұйымдарын жобалай алуды, пішуді, денеден өлшем алып, лекало жасауды, үлгілеу мен тігуді үйренді. Курс соңында барлық қатысушылар өз тіккен бұйымдарын қорғап, мінбеде көрсетіп, сертификаттар табысталды.

Курс барлық қатысушылар үшін өте қызықты болды. Курс соңында олар осындай курстардың жиі болып тұруына өтініш білдірді.

Фото https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=2460237393996339

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Тігін бұйымдарын жобалау және жасау» бойынша біліктілігін арттыру курсы