Химик - студенттердің Республикалық олимпиададағы жеңісі!

-

2019 жылдың сәуір айының 11-12 аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен XI Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында 5В011200-Химия мамандығының студенттер командасы бірінші орын алды. Команда құрамы: Жаналинова Сымбат, 2 курс студенті, Жиенбаев Токтасын және Чапаксин Иван, 3 курс студенттері.

Біздің студенттер командалық есепте Қазақстан Республикасының 14 ЖОО арасында үздік нәтиже көрсетіп, I дәрежелі дипломға ие болды. Жеке есепте Жиенбаев Тоқтасын үшінші орынға ие болды. Олимпиаданың екі турының қорытындысы бойынша ҚМПУ химик-студенттері осындай нәтижелер көрсетті. Олимпиаданың екі турының (теориялық және эксперименталды) тапсырмалары жеткілікті түрде күрделі болды және қазіргі химияның негізгі тақырыптарын қамтыды. Команда жетекшісі: Чернявская Ольга Михайловна, педагогика ғылымдарының кандидаты, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Студенттерді дайындауға Ольга Михайловнамен бірге химия пәндерінің барлық оқытушылары қатысты. Жеңіспен оралған студенттерді жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылар мен студенттері құттықтады. Біз студенттеріміздің жеңісіне қуаныштымыз. Жарайсыңдар!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Химик - студенттердің Республикалық олимпиададағы жеңісі!