Тренинг «Жасыл қала»

Ө. Султангазин атындағы Қостанай мемелекеттік педогогикалық университетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушысы Кубеев М.С жəне Белан О.Р сондай-ақ жаратылыстану математика факультетінің биология мамандығының 1 курс студенттері 08. 04. 2019 жыл уақыт аралығында 10-шы орта мектебінің 9-10 сыныптар арасында көп қабатты үйлердің кіре берістерін жəне алаңын көгалдандыру атты тренинг өткізілді.

Бұл тренингте қолайлы экологиялық жағдай жасау мақсатында көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктері туралы айтылды. Тренингтің мақсаты көп қабатты үйлердің кіре берістерін аулаларын көгалдандыру жəне жастардың бұл жұмысқа ынтасын оятып, үлестерін қосқызу болып табылады. Тренинг барысында оқушылар өз қолдарымен гүл отырғызып қатты қызығушылық білдіртті жəне де оқушыларға көңіл-күй сыйлау мақсатында бірнеше ойындар да ойнатылды. Бұл тренинг тек оқушыларды ғана емес, мектеп директоры Раисов Р.Е. жəне биология пəніңнің мұғалімі Нургалиева Н.Ф. қызықтарғаны қатты қуантады. Бұл іс-шараны өткізу кезінде оқушылар гүлдерді қалай дұрыс отырғызу керектігін біліп, гүлдердің ерекшеліктерімен танысты. Əр баланың гүл отырғызу барысында гүлдерді ұнататыны байқалып тұрды. Балалар өздері отырғызған гүлдерін өз үйлерінің кіре берістеріне орнатты. Қорыта айта келгенде, біз қоршаған ортаны əсем етіп көрсетіп, өз аулаларымыздың маңын көгалдандыру өзіміз үшін жақсы. Əрбір істі істесең, əрқашан өзіңе де пайдасы тиеді. Бұл өзге үшін ғана емес, өзіміз үшін де пайдалы, əрі маңызды. Осындай тренингтер көбінен өткізілсе, табиғатқа да, адамдарға да пайда тиетін еді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз