"География" мамандығы студенттерінің дипломдық жұмыстарын қорғау туралы

2020 жылдың 30 мамыр мен 9 маусым  аралығында жаратылыстану-математика факультеті Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «География» мамандығының күндізгі және қашықтықтан оқитын студенттері арасында дипломдық жұмыстарды қашықтықтан қорғау өткізілді. Қорғауға қазақ бөлімі мен көптілді білім беру бөлімінің 35 студенті жіберілді және әрбір студент белгіленген күні өз жұмысын қорғап шықты.  

Мемлекеттік комиссияға өзекті зерттеу бағыттары бойынша жұмыстардың әртүрлі тақырыптары ұсынылды: топонимика, Қостанай қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерінің орналасу ерекшеліктері, Қостанай облысының 2010-2018 жылдардағы көші-қон процестерін талдау, Меңдіқара  ауданының 2010-2019 жж аралығындағы демографиялық жағдайы, Қостанай облысының гидронимдеріне талдау, Оқушылардың IT-дағдыларын дамыту үшін география сабақтарында білім беру STEM технологиясын қолдану (мектеп-лицей үлгісінде ОЗАТ), 8 сынып география сабақтарында ойын технологиясын қолдану кезінде оқушылардың шығармашылық құзіреттілігін дамыту және тағы басқалары.

Дипломдық жұмыстардың тәжірибелік бөлімі жаратылыстану ғылымдары кафедрасында жұмыс істейтін ынталы (Танат Д., Зинченко Ю.), сонымен қатар проблемалық зерттеу топтарының, үйірмелердің, клубтардың (Кайратова Н., Оразгали А., Әуесханова М., Кабылбаева А., Темиргалиев М., Сальманов Б. ) жұмысы аясында жүргізілді.

Дипломдық жұмыстардың материалдары бойынша студенттер ғылыми журналдарда мақалалар жариялады, ал зерттеу нәтижелері әртүрлі ғылыми-практикалық конференцияларда, атап айтқанда Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ базасында өткен «Жас ғалымдардың еңбектеріндегі Әл-Фарабидің энциклопедиялық ойының дамуы» атты аймақтық студенттік ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды.

Дипломдық жобаларды қорғау он-лайн форматта өтті, бірақ бұл түлектерге өз зерттеулерін лайықты ұсынуға және Комиссияның көптеген сұрақтарына жауап беруге кедергі келтірмеді. Комиссия төрайымы, педагогика ғылымдарының кандидаты, З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Мунарбаева Б.Г болашақ географ-педагогтарға ізгі ниеттерін білдіріп, мұғалімнің қиын да күрделі жолында табыс тіледі.

Мүдделі түлектерге мемлекеттік аттестаттау комиссиясы Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ базасында «География» ББ магистратурасына оқуға түсуге ұсыныс берді.

«География» мамандығының түлектерін құттықтаймыз және шығармашылық табыстар мен кәсіби жетістіктер тілейміз. Жолдарыңыз болсын!
-

diplom geo 2020 2

diplom geo 2020 3

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті "География" мамандығы студенттерінің дипломдық жұмыстарын қорғау туралы