Менің болашақ мамандығым

Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің жаратылыстану-математика факультетінде "кәсіпқойлыққа жол: Менің болашақ мамандығым"атты бейнероликтер байқауын жоспарға сәйкес жаратылыстану-математика факультетінде ұйымдастырылды.

Байқаудың негізгі мақсаты - жаратылыстану ғылымдары факультетінің білім беру бағдарламаларын кеңінен насихаттау, бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының мүмкіндіктерін көрсету, сонымен қатар студенттерге өздерінің кәсіби шеберліктері мен шығармашылық әлеуеттерін көрсету.

Конкурсты дайындау мен өткізуге ұйымдастыру комитеті жалпы басшылық жасаушылар: (Ручкина Г. А. (ЖҒК), Губенко М. А. (ЖҒК), Айтбенова А. А. (ИРиКТ), МФҚ кафедрасының меңгерушісі  м. а. Телегина О. С,әдістемелік сүйемелдеу –кафедраның қауымдастырылған профессоры ЖҒК Ручкина Г. А. жүзеге асырды.)

Студенттер бұл байқауға қызығушылық танытты, 18 қызықты және шығармашылық бейнеролик жазылды. Барлық жұмыстар конкурстық комиссияға жіберіліп, факультеттің парақшасында (@kspu_emf) Инстаграмда жарияланды. Әлеуметтік желіде «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясы бойынша бейнероликке дауыс берілді.

Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің студенттер жасаған бейнероликтер қабылдау комиссиясына жіберіледі.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз