Жұмыс берушілердің өкілдерімен кездесу

2020 жылдың 5 нурызында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Бакалавриат пен магистратураға арналған «Биология» білім бағдарламаларымен танысу және оларды талдау» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: «Биология» білім бағдарламасын насихаттау және оның мазмұнын талдау.

Дөңгелек үстелдің жұмысына белсенді атсалысқан стейкхолдерлер, Қостанай қаласының оқу орындарының мұғалімдері (лицей-мектеп №1, IT лицей «Озат», ОМ№17, №5, №6, Физико-математикалық лицей, Қостанай қ. ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері) «Биология» ББ профессорлар-оқытушылар ұжымы, 2-3 курс студенттері.

Ұсынылған білім беру бағдарламасы аясында жаңартылған бағдарлама бойынша студенттердің заманауи қажеттіліктері, соның ішінде фундаменталды және тілдік модульдер пәндерінің құрамы, күтілетін оқу нәтижелері туралы пікірталас өткізілді.

Дөңгелек үстел модераторы б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.Ручкина ЖМФ білім бағдарламаларын насихаттау тәжірибесін жетілдіру мәселелеріне тоқтады және оның болашақ талапкерлерді кәсіби бағдарлау жұмыстарының тиімділігіне әсері туралы сөз қозғады. Кафедра меңгерушісі Г.К. Баубекова білім беру бағдарламаларын жасау тетігі, бағдарламаларды құруға әлеуетті жұмыс берушілерді, мұғалімдер мен студенттерді қатысуға тарту тиімділігі туралы сұрақтарға тоқталды.

Демесенов Б.М., Байтемирова М.К., Диконтий М.Д., Мусина Т.Г., Төлеміс Ж.С., Байгазинова А.С. - дөңгелек үстелдің қатысушылары үш тілде білім беру, оқу және педагогикалық практиканы, зертханалық сабақтарды ұйымдастыру мәселелерін өте қызу талқылады. «Академиялық хат», «Биологиялық этика» пәндерін енгізу бойынша ұсыныстар айтылды. Ахмет Ж., Шван Л. қатысқан студенттердің пікірі тыңдалды.

Талқылау барысында барлық қатысушыларға «Биология» білім беру бағдарламасын түзету және одан әрі жетілдіру мақсатында ұсыныстар мен пікірлерді жазуға арналған сауалнама таратылды.

Дөңгелек үстелдің жұмысы іскерлі жағдайда өтті. Осы деңгейдегі кездесулерді жалғастыру туралы шешім қабылданды.

05 03 2020e1

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Жұмыс берушілердің өкілдерімен кездесу