Сонымен, 2017 жылдың 16 ақпанында медиация Мектебінің ашылуы болды! Медиация Мектебінің тындаушыларына Самаркин Сергей Владимирович (қосымша білім беру факультетінің деканы), Карбенова Зауре Уразбековна (п.ғ.к., «Орыс тілі және әдебиет» кафедрасының профессоры) және Навоева Марина Владимировна («Қоғамдік қелісім» РММ медиаторы) өз құттықтау сөздерін бағыттады.

2017 жылғы 31 қаңтарда ҚМПИ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, PhD докторы Махаббат Маликовна Козыбаева «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»  базасында өткен халықаралық практикалық «Заманауи білім берудің басым бағыттарының бірі – көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу» онлайн-конференциясына қатысты. Онлайн-конференцияның мақсаты: көпмәдениетті білім жағдайында білім сапасын қамтамасыз ету бойынша үздік педагогикалық идеялар мен озық педагогикалық тәжірибелерді, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін насихаттау. Онлайн-конференцияға «Өрлеу» біліктілікті артыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының оқытушылары, білім басқармасы қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер, білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатысты.

2017 жылдың 4 қаңтарында қосымша білім беру факультетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында ҚМПИ профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жумадильдаева Наталья Васильевнамен кездесті. Іс-шара ректор кеңесшісі Бекмагамбетов Руслан Кабдугалиевичтын қонақтарды таныстыруымен басталды. Іс-шараға Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы жетекшісінің орынбасары - Байменова Зауре Ануарбековна, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бас маманы - Ибраев Булат Каирбаевич, тарих ғылымдарының кандидаты, қосымша білім беру факультетінің деканы - Самаркин Сергей Владимирович, ҚХА кафедрасының меңгерушісі - Евдокимова Ольга Николаевна, ҚХА кафедрасының доценті, PhD докторы - Козыбаева Махаббат Маликовна және т.б. қатысқаны жайлы айтып өтті. Депутат оқытушылар құрамымен, көрмелермен, кафедраның материалдық-техникалық жабдықтары және кітапханасымен танысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу, ҚМПИ көптілділік орталығы зияткерлік викторинасы үш тілде «My Independent Kazakhstan. Менің Тәуелсіз Қазақстаным. Мой Независимый Казахстан» өткізілді. Міндеттерінің негізгі іс-шаралар болып табылады: таныстыру және талқылау Қазақстанның жетістіктер, патриоттық идеялар мен сезімін нығайту үшін мақтаныш.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қосымша білім беру факультетінде 2016 жылдың 21 қарашасынан бастап 3 желтоқсанға дейін мектеп, колледждер және ЖОО мұғалімдеріне арналған «Заманауи мектептегі оқыту және ғылыми-зерттеу қызметі» тақырыбына екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті. Осы тақырып бойынша шет тілі сабағында мәдениаралық құзыретті қалыптастыру, коммуникативті дағдыларды дамыту үшін жұмыс әдістері мен заманауи технологиялары, мектептегі ғылыми-зерттеу қызметінің негіздері сұрақтары қарастырылды.

2016 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстандағы және іргелес аймақтардағы этноәлеуметтік үдерістер» халықаралық онлайн конференциясы өтіп, оған қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары Е.В.Ярочкина (тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚП, №№ кафедрасының меңгерушісі), А.Б.Амантаева (философия ғылымдарының кандидаты, доцент), С.В.Назарова (саясат ғылымдарының кандидаты, доцент), Т.П.Панияз (аға оқытушы, әлеуметтік ғылымдарының магистрі), О.Н.Евдокимова (педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі), ҚМПИ модераторы ретінде С.В.Самаркин (тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, қосымша білім беру факультетінің деканы) қатысты.

2016 жылдың 24-26 қарашасында Назарбаев Университетінің Білім беру Жоғары мектебінің қосымша білім беру департаменті қызметкері Нурхан Омарбеков Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты негізінде өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жалпы білім беру орта мектептерінің «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндері бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру тілдік курстарына қатынасты.

2016 жылғы 23 қарашада ҚМПИ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында қазақтың дәстүрлі шашуымен ұлттық киімдегі қыздар Қостанай облысына «Мәдениет диалогі» жастар лагерін өткізу аясында Челябинскіден келген қонақтарды қарсы алды. Ресей делегациясы құрамында Юлия Александровна Лапидус (Челябі облысы Достық үйінің директоры), Светлана Петровна Зверева («Дубрава» Славян мәдениеті орталығының жетекшісі), Венера Мухтаровна Шакенова («Арман» қазақ мәдени орталығының активисі), Анна Викторовна Герман («Видергебурт» неміс орталығы жастар бөлімінің жетекшісі), Р.К.Галоян, А.С.Саморуков, Н.Леганова сынды әртістер, ЧО Халықтар достығы үйінің өкілдері О.Г.Мохова және А.Г.Пунда келді.

2016 жылдың 22 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының холлында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 2 курсында оқитын, Темірбекова Жібек және Мусабекова Сания талантты студенттерінің алғашқы көрмесі өтті. Көрменің ашылуында алғашқы сөз сөйлеу құқығы п.ғ.к., өнер кафедрасының меңгерушісі Сапиева Майра Саимовнаға берілді, ол көрсетілген жұмыстардың жоғары шеберлігі мен орындау техникасын, Қазақстанның заманауи өнері – жас таланттардың қолында деп айтып өтті. Әрі қарай ҚХА кафедрасының меңгерушісі Евдокимова О.Н. өз сөзін жалғастырды, осы көрме ҚХА кафедрасымен өнер кафедрасының бірге жасаған жұмысының нәтижесі және біздің оқу орыны студенттері – жас суретшілер көрмелерінің бастауы деп айтып өтті. «Жібек пен Сания институтта оқитындығына қарамастан, олардың жұмыстары эмоционалды, мазмұнды және жеке көрменің ұйымдастыруына лайықты».

Бүгін, 18 қараша куні ҚМПИ-та «ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өту іс-шаралары жайлы» ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Джаксыбеков А.Р. тапсырысын іске асыру аясында, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік тілде Республикалық шығармалар сайысының 1 кезеңі (аймақтық) өтті. Сайысқа барлық ниет білдірушілер қатыса алды. Ол үшін жас ерекшеліктер бойынша әдейі 4 топ ұйымдастырылды: 1 топ – 7-9 сыныптар; 2 топ – 10-11 сыныптар; 3 топ – кәсіби мектеп пен колледждер оқушылары (орта кәсіби білім алу); барлық ниет білдірушілер (ЖОО студенттері, қызметкерлер, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, т.б.). Әр топқа қазақ тілін білетіндер және мемлекеттік тілді оқып жүргендер ұсынылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Қашықтықтан және қосымша білім беру факультеті