2018 жылдың 10-11 қаңтар аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты оқытушылары мен Қостанай облысы Колледж оқытушыларына арналған әдістемелік семинар өткізілді. Әдістемелік семинарды социалдық гуманитарлық факультетінің оқытушылары Қ.Қ.Абильмаликов, А.Б.Анасова, Ш.К.Есмаганбетовалар өткізді. Семинардың мақсаты - тыңдаушыларды критериалды бағалау жүйесімен таныстырып, оның түрлері мен ерекшеліктерін анықтау.

2018 жылы 11 қаңтарда қосымша және қашықтықтан оқыту факультетінің ұйымдастыруымен «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы бойынша әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты мектеп бағдарламасын жаңарту аясындағыбағалау түрлері жағдайын талқылау және Қостанай қаласындағы ММ ФМЛ-де бағалаудағы жұмыс тәжірибесімен танысу. Семинарда қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың теориялық негіздері, мектепте оқыту процесінде берілген бағалау түрлерін енгізу және қолдану мәселелері талқыланды.

2017 жылдың 13-24 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінде педагогтарға арналған «Заманауи жағдайдағы білім берудің тиімділігін көтеру үшін инновациялық педагогиканың технологиялары мен әдістері» тақырыбы бойынша 72 сағат көлемінде екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті. Курстың негізгі мақсаты: білім берудің инновациялық технологиялар және оларды педагогтың кәсіби қызметінде тиімді іске асыру жайлы білімді жүйелендіру; білім берудің мазмұнын жаңарту және сын тұрғысынан бағалау жүйесін енгізу жағдайында ұстаздың педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

2017 жылдың 9,10,11 қазанында Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын ҚМПИ қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің 1 курс барлық мамандықтарының студенттерімен талқыланды. ҚМПИ жобалық кеңсе басшысы Балгабаева Г.З. қоғамды жаңғыртудың саясы және қоғамдық маңыздылығын атап өтті. Институт ПОҚ ұжымының бағдарламалық мақаласын іске асырылуы туралы айтып өтті. Қазақстандық патриотизм үшін «Туған жер» бағдарламасының маңыздылығы жайлы аудиторияның назарын аударды. 

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қосымша білім беру факультетінде 2017 жылдың 29 мамырынан бастап 10 маусымға дейін мектеп, колледждер мұғалімдеріне арналған «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайындағы бастауыш сынып оқушыларды оқытудың заманауи тәсілдері» тақырыбына екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті. Осы тақырып бойынша білім берудің жаңғырту жағдайындағы бастауыш білім берудегі инновациялық процесстері, бастауыш мектептегі белсенді әдістері мен инновациялық технологиялары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялары сұрақтарын қарастырылды.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қосымша білім беру факультетінде 2017 жылдың 22 мамырынан бастап 3 маусымға дейін мектеп, колледждер және ЖОО мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту» тақырыбына екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті. Осы тақырып бойынша «Оқу және ойлау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту» жобасының философиясы, ұжымдық оқытудын тиімді әдістері, сын тұрғысынан ойлауын дамыту үшін заманауи технологияры мен әдістері бойынша сұрақтар қарастырылды. Институттың жетекші оқытушыларымен тәжірибелік сабақтар, мастер-класстар, ақыл-кеңестер және топтық пікірталас өткізілді.

2017 жылдың 25 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ҚХА кафедрасы, «Еуразия» Гуманитарлық зерттеулер орталығы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы ұйымдастыруымен ашаршылық құрбандары мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «1920-1950 жж. Қазақстан мен Батыс Сібірдегі жаппай саяси қуғын-сүргін тарихындағы жаңа есімдер мен фактілер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл тақырып Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында өте маңызды роль атқарады. Өйткені, басты бағыты өңірлердің тарихын зерттеуге, мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті көлемдегі мәдени объектілерді қалпына келтіруге арналған.

2017 жылдың 28 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Үштілділік білім беру: мәселелері және даму перспективасы» тақырыбы бойынша облыстық семинары өтті. Семинар мақсаты: Қостанай облысындағы үштілділік білім берудің даму перспективасын талқылау және мәселелердің практикалық шешімін тандау, тәжірибемен аумасу және ғылыми, іскерлік байланыстар орнату. Ұйымдастырушылар: ҚМПИ көптілділік орталығы және оқу-әдістемелік басқармасы, модератор - Кифик Наталья Юрьевна, ҚМПИ оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты.

2017 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, PhD докторы Козыбаева Махаббат Маликовна облыстық тарихи- өлкетану мұражайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шараға қатысты. Козыбаева М.М. баяндамасы қоғамдық сананы жаңғыртудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне арналған. Ол дәл осы уақытта Астана қаласының бейбітшілік және келісім сарайында «Тұрақтылық, бірлік, келісім – жаңғыртудың негізі» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтіп жатқанын айтып өтті. Дәл бүгін экономикалық жаңғыртудың бірнеше кезеңдерінен кейін бірінші орынға XXІ ғ. қоғамдық сананы жаңғырту мәселесі шықты.

2017 жылдың 20 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ҚММ Достық үйінде медиация және халық дипломатиясы Мектебінің кезекті сабағы өтті. Қонақтарды медиация кабинетінің кәсіби медиаторлары – заңгер Ольга Кравченко және психолог Марина Навоева қарсы алды. Сабақ мақсаты: көбінесе еңбек қарым-қатынасының ажырамас бөлігі болатын еңбек дауларында медиацияны өткізу ерекшелігін белгілеу. Іс-шараға институт студенттері - медиация және халық дипломатиясы Мектебінің тындаушылары, сонымен қатар келесі оқытушылар: қосымша білім беру факультетінің деканы, т.ғ.к., Самаркин С.В., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., Евдокимова О.Н., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, PhD докторы Козыбаева М.М. қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Қашықтықтан және қосымша білім беру факультеті