«ЖОО білім беру үдерісінде педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалану»

2018 жылдың 21 желтоқсанында қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінде «ЖОО білім беру үдерісінде педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалану» атты әдістемелік семинар өтті.

Семинарды Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ оқытушылары дайындап өткізді.

Педагогика кафедрасының аға оқытушысы Е.Н.Иванова ассоциограммаларды, бейнесюжеттерді, Screencast, лекциядағы рефлексия, Сase-study және семинарлық сабақта рефлексия, СОӨЖ-де жобалық әдісті қолдану, Б. Блум таксономиясы және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі бойынша СӨЖ-де тестілеу туралы әңгімеледі.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті Г.И. Данильченко жаратылыстану бойынша студенттермен жұмыс істеу барысында ассоциограммаларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушысы У.В.Гущина студенттермен жобалау қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып берді.

Қатысушылар конструктивті сипаттағы сұрақтар қойып, пікірталас талқылауы белсенді түрде жүзеге асырылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Қашықтықтан және қосымша білім беру факультеті «ЖОО білім беру үдерісінде педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалану»