ТжКББ жүйесінің педагогикалық қызметкерлеріне арналған инновациялық білім беру технологиясы

Қазақстандық білім беру жүйесі негізгі элементтерінің үздіксіз жаңғырту жағдайында: мазмұны, технологиялары, ұйымдастырылуы, қамтамасыз етуі және басқаруы. Оқу процессіне инновациялық технологияларды енгізу еліміздің барлық білім беру мекемелерінің оқытушыларына жүктелген маңызды міндет болып табылады. Инновациялық қызмет білім беру қызметінің нарығында білім беру мекемесінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға, мұғалімнің кәсіптік өсуінің бағыттарын айқындайды, оның шығармашылық ізденісіне, студенттердің жеке өсуіне ықпал етеді.

ТжКББ жүйесінің оқытушыларының алдында келесі міндеті тұр: өз пәндерін қызықты жасап, білімге қызығушылықты арттыру, білім алушыларға өздерінің әмүмкіндіктерін ашуға көмек беру, олардың танымдық қызметін белсендіру.

«ТжКББ жүйесінің педагогикалық қызметкерлеріне арналған инновациялық білім беру технологиясы» курсы 2018 жылдың 19 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін оқытушыларды ТжКББ жүйесі педагогтарының профессорлік-педагогикалық құзыреттілігімен, ТжКББ жүйесіндегі оқытудың тиімділігін арттыру үшін заманауи педагогикалық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістерімен және оқу процессінде оларды іске асыру тәсілдерімен таныстырды.

Оқытушылармен диалогтік, жобалық және модульдік технологияларын, сын тұрғысынан ойлау технологияларын, тәрбиелік технологияларын, АКТ сабақтарда қолданылуы сабақта тындаушылар қызметінің белсенділігін арттыруға, қажетті ақпаратты өз бетімен табуға, оны дұрыс қолдануға, өз әріптестерімен жаңа біліммен бөлісуғе өз үлесін қосты. Тәжірибелік сабақтардың нәтижесінде тындаушылар білім беру технологияларын қолдануымен оқу сабақтарын және тәрбиелік іс-шараларын әзірлеуді және жобалауды, жасалған схема негізінде өз оқу сабақтары мен әріптестердің оқу сабақтарын талдауды, кері байланысты ұйымдастыру және оқу іс-әрекеттерінің өнімдерін дұрыс бағалауды үйренді.

Рөлдік ойындарды, жобалар әдісі мен жағдайлық талдауды біріктірген, Case-stady технологиясы мен Іскерлік ойын үлкен қызығушылық тудырды.

Колледж түлектерінің кәсіби біліктілігінің құрылымдық-елеулі сипаттамасы (мамандықтар бойынша), колледж түлектерінің кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудағы теориялық зерттеулердің рөлі, құзыреттілікке бағытталған білім беру жағдайында өндірістік оқытудың заманауи сабағын жобалау; колледж ортасында маманның кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру сұрақтарын талқылаған, «Колледж түлектерінің кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру» дөңгелек үстелінің жұмысына тыңдаушылар белсенді қатысты.

Осы біліктілігін арттыру курсы ТжКББ жүйесінің педагогикалық қызметкерлерді оқу процессінде жаңа білім беру технологияларын қолдануға ынталандырды, тәжірибемен алмасуға және көкжиектікті кеңейтуге ықпал етті.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Қосымша білім беру департаменті ТжКББ жүйесінің педагогикалық қызметкерлеріне арналған инновациялық білім беру технологиясы