"Мен-машықтанушымын: кәсіпке апарар жолым" атты дөңгелек үстел

2018 жылдың 1 қарашасында "Мен-машықтанушымын" тьюторлық жоба аясында "Мен-машықтанушымын: кәсіпке апарар жолым" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қостанай қаласынан және облыс бойынша 20 жас мұғалім, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінен тәжірибелі педагог – тәлімгерлер,сол сияқты "Білімді Ел-Образованная страна" газетінің штаттан тыс тілшісі Анна Баксараева қатысты.

Жас оқытушылар мектепте бейімделуден қалай өткендері, қандай қиындықтарға кезіккендері жайында айтып,өз жетістіктерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел тартымды және қызықты өтті. Айта кету керек, осы жоба барысында жоба қатысушылары өз тәлімгерлерімен үнемі тығыз байланыста болды. Атап айтсақ:

  • Қостанай ауданы Абай НМ Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 2018 жылғы машықтанушы Махрубаева Жадыра ҚМПУ аға оқытушысы Д. А. Алиевамен бірлесіп "Абай және фольклор" атты ғылыми мақала дайындап, баспаға жіберді.
  • №11 ОМ Педагог-психологы Авбакирова Ляззат Нұрланқызы Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы А.Х.Усембаевамен тығыз байланыста. Олар бірлесіп оқушыларға психологиялық кеңес беру мәселелерін, сол сияқты Дәрибай Перизат Дарханқызы, Қостанай қ.Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі мұғалімі, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы О. Д. Подавец және биология пәнінің мұғалімі Г. Е. Вартанянмен бірге Джеймс әдістемесі бойынша оқу құралын дайындау барысында жұмыс жасап жатыр.

Тәлімгерлер тағылымдамадан өтушілерге бірлесіп жұмыс жасағандары үшін, оларға әрі қарай кәсіби тұрғыдан жетістіктерге жете берулеріне алғыс білдірді.

Дөңгелек үстелге қатысқан барлық қатысушыларға Сертификаттар табыс етілді және педагогикалық қызмет барысындағы қажетті ақпараттармен бөлісті.

Раиса Ищанова, "Мен-машықтанушымын" Тьюторлық жобасының жетекшісі

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Қосымша білім беру департаменті "Мен-машықтанушымын: кәсіпке апарар жолым" атты дөңгелек үстел