2019 жылығы 17 маусымнан 25 маусым аралықғында филология факультетінде Көптілділік орталығында жазғы тіл мектебі жұмыс істеді. Жазғы мектеп шеңберінде ҚМПУ 30 оқытушысы және қызметкерлері ағылшын тілінен деңгейін тілдік ортада арттыра алды. Күн сайын сабақтар компьютерлік технологияларды және оқытудың инновациялық әдісін пайдаланумен өтті. Мектеп бағдарламасы әртүрлі болып, тілді пысықтаумен мамандық дағдыны қалыптастыру, ой - өрісін кеңейтуге, сол сияқты ағылшын тілді елдер туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған.

2019 жылғы 26 маусымда Қостанай облыстық филармониясында Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік пен келісім - әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жол" атты XXVII сессиясы өтті. Сессияны Қостанай облысының әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Архимед Бегежағұлы Мұхамбетов ашты. Облыс әкімінің айтуынша, 102-ден астам этнос біздің облыста тұрады. Мемлекет пен Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында осы халықтардың барлығы бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде.

2019 жылы 25 маусымда облыстық Достық үйі төртінші рет "Достық үйіндегі түн" өткізді. Осындай жағдай үшін этномәдени орталықтардың барлық кабинеттері интерьерін толықтай өзгертті және танымал телевизиялық бағдарламалар студиясына көбірек ұқсады. Мұнда "Кешке кездесу","Жақсы өмір сүру", "Сәнді үкім", "Кім миллионер болғысы келеді", "Ойна, гармонь " және т. б. болды. Достық үйінің алдындағы алаңда "үлкен жарыс" ұйымдастырылды, ал ішкі аулада Достық үйінің әртістері дайындаған концерт өтті.

2019 жылғы 21 маусымда ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының базасында "Инфинити" даму орталығы " қоғамдық бірлестігі "Медиация жастар арасындағы бірлікті нығайту факторы ретінде" атты семинар өткізді. Семинар ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының курсанттары үшін ұйымдастырылды. Бұл әлеуметтік жоба Елбасы Н. Назарбаев жариялаған Жастар жылы және "Рухани жаңғыру"бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда. Сабақты запастағы подполковник Сиырбаев Алтай Мұхтарұлы өткізді.

Студенттік жылдар – бұл тамаша уақыт, жастықтын белгісі, мамандығын табысты бастамалар үшін шексіз мүмкіндіктері бар мезгіл. Әсіресе студенттік жылдар жаңа материалды менгеруге және білім шекараларын жанжақты байтуға маңызы жоғары уақыт. Осындай басымдылық көптеген студенттерде байқалады әсіресе 58011200-химия мамандығы бойынша бірқатар мотивацияланған студенттер өз ерекшеліктерін білдірудің барлық мүмкіндіктерін көрсете алады. Өткен оқу жылы өте жемісті болды. Студенттер Жалпы Қазақстандық «Студио3» пәндік олимпиаданың жеңімпаздары, онда Ережепов Ержан (3 курс) 1 дәрежелі, Молдашаева Жанель және Чапаксин Иван (3 курс.) 2 дәрежелі, Махмутова Гаухар (2 курс) 3 дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

2019 жылдың 24-26 сәуірі аралығында И.С. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университетінде педагогика және психология Институтында «Кіші мектеп жасындағы оқушы қазіргі заманауи ақпараттық кеңістігінде» атты бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі бойынша қашықтықтан Жалпы ресейлік студенттік олимпиада (халықаралық қатысуымен) өтті. Олимпиаданың мақсаты талантты, шығармашылықпен ойлай білетін студенттерді анықтау, олардың кәсіби-тұлғалық және шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ету, білімалушылардың оқу және ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын белсендіру болып табылады.

Қостанай мемелекеттік педагогикалық университеті базасының оқу шеберхансында 2019 жылғы 13 – 24 мамыр аралығында оқытушылар мен студенттерге арналған «Тігін бұйымдарын жобалау және жасау» бойынша біліктілігін арттыру курсы болып өтті. Біліктілікті арттыру курсы 45 сағат көлемінде практикалық негізде өтілді. Курсты информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика білімдерінің магистрі Д.К. Абдимоминова өткізді.

2019 жылы 23 мамырда, оқу жылының соңында медиация және халықтық дипломатия мектебінде медиация мектебінің басшылары өз тыңдаушыларына қорытынды сабақ өткізіп, медиация курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді. Сабақ үш кезеңде өтті. Бірінші кезеңде түлектерге тесттің 20 сұрағына жауап беру ұсынылды. Екінші кезеңде студенттер шағын топтарда психологиялық-педагогикалық міндеттерді қарастырып, ұсынылған даулы жағдайды шешу жолдарын ұсынды.

2019 жылы 15 мамырда Қостанай облысының мемлекеттік архивінде өткен Тың игерудің 65 жылдығына арналған кездесу-таныстырылымның қатысушылары «тың жерлерді игеру дәуірлік оқиға болды және Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібін дамытуда маңызды рөл атқарды» деген қорытындыға келді. Қонақтар назарына «Армысың, тың алқабы!» фотоқұжаттық көрме ұсынылды, «Тың – менің бақытым!» қасқаметражды фильм көрсетілді, алғашқы тың игерушілер Л. Ф. Лемпер мен Г. Ф. Николаенко мен Қостанай қаласының қоғам қайраткерлері мен ғалымдары сөз сөйледі.

«Current trends in the assessment of global and local changes of natural ecosystems and the teaching of biological and geographical cycle disciplines» біліктілікті арттыру курсының практикалық кезеңі аясында шетелдік серіктестердің қатысуымен 2019 жылғы 14 мамырда жұмыс сапары далалық аймақта (Қостанай ауданында) жүргізілді. Сапарға қатысушылар – Лейбниц университеті топырақтану институтының директоры, Германияның топырақтану қоғамдастығының президенті, профессор, доктор Георг Гуггенбергер; PhD, аға ғылыми қызметкері Шибистова Ольга Борисовна (Лейбниц университетінің топырақтану институты (Ганновер, Германия), ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы ҒЗО-ның басшысы, профессор, биология ғылымдарының докторы Брагина Татьяна Михайловна,  биология магистрі Бобренко Марина Александровна, «Биология» және «География» мамандығының 2-3 курс студенттері.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары