Бүгін оқушы, ертең студент

2019-2023 жылдарға арналған студенттерді тарту стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында Мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасы Ақмола облысы мектептерінің түлектерімен кездесулер өткізеді.

2019 жылыдың 19-20 қарашасында Мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасы маманы А.К.Байкин Ақмола облысы Атбасар ауданының мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Мектеп түлектеріне ҰБТ тапсыру және университетке түсу ережелері түсіндірілді. А.К.Байкин білім беру бағдарламалары, жеңілдіктер, оқу және тұру шарттары туралы айтты. Түлектер университеттің жекелеген білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытып, оқуға түсу ережелері бойынша көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, мектеп түлектері мен сынып жетекшілерін Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 2019-2023 студенттерді тарту стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Атбасар қаласы мен Атбасар ауданы мектептерінің оқушылары студенттік рекрутинг бойынша стратегияны іске асыру аясында өткізілетін іс-шараларға қатысуға ұсыныс жасады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Бүгін оқушы, ертең студент