Жеңімпаздарды құттықтаймыз! ҚМПУ-нің тәлімгерлік жобасының негізгі іс-шарасы аяқталды

2019 жылдың 31 мамырында біздің университетіміздің жас оқытушыларының қорытынды сайысы өтті. Тренингтік жобаны ректордың кеңесшісі Римма Шыңғысқызы Бектұрғанова бастады. ҚМПУ ректорының мақұлдауымен жоба Ардагерлер кеңесі тарапынан қолдау тапты. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіқалықова Қ.А. және жобаның кураторы Важева Н.В. ұйымдастырушылар ретінде жобаға белсене қатысты.

Байқаудың финалында  - 5 оқытушы. Оларға қолдау көрсету үшін жетекшілері, оқытушылар, студенттер келді. Ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректор, ф.-м.ғ.д. Н.А. Медетов қатысушыларға құттықтау сөз айтып өтті.

Финалистер әрқайсысы қысқаша түрде өз кәсіби мамандығына жеке педагогикалық көзқарасы жайында жасаған презентацияларын ұсынды. Тәлімгерлерге де жылы сөздер айтылды.

Тауакелов Ш.А. өз сөзін өзінің тәлімгері х.ғ.к., доцент, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ассоц.профессоры Тауырбаева Г.О. алғыс білдіруден бастады, оның кеңес және қолдау бергені үшін. Аға оқытушы, тәлімгер  «Нашар студенттер болмайды...» деген И.Ф. Гурскаяның кредосыН.С. Шкваренко үшін өте маңызды болды.

Жас оқытушылар бәріне белсенді қатысады.

Шкваренко Н.С. және Тауекелов Ш.А., өз факультет деканының орынбасарлары ретінде үлкен қоғамдық жұмыстар жүргізеді. Осылайша, олардың басшылығымен ДСжәнеT факультетінде - «Жақсылық  дәмі» және «Ардагерлерге көмек», ЖМфакультетінде  - «Экомиссия» және «Бірлігіміз жарасқан»әлеуметтік жобалар әзірленуде.

Қатысушылар А.Ж. Ермағанбетованың жарқын, жақсы сөйлеген сөзімен таң қалды. Ол танымал заманауи технологияларды қолдана отырып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін үйретіп қана қоймай, қысқа педагогикалық тәжірибеге қарамастан, ол өзінің «Сандық оқыту» нұсқаулығында жинақталған өз әдістерін жүзеге асырады.

Гущина У.В. мектепке дейінгі балаларға арналған педагогиканың ерекшеліктеріне назар аударды. Әрине, ол пайдаланатын инновациялық әдістер, балаларға деген мейірімділік және сүйіспеншілікпен бірге жүруі керек.

Әмірхамзин Н.К. көтерінкі көңіл күймен сөйледі.  Шығармашылық адам, Қостанайлық меценаттар клубы «Шабыт» сыйлығының лауреаты, көптеген дипломдардың иегері, ол үшінші буынның мұғалімі екенін атап өтті.

 Байқаудың әділқазылар атынан Б.М. Өтегенова, педагогика кафедрасының меңгерушісі сөз сөйледі, ол конкурсанттардың ашық сабақтарына талдау жасады. Қазылар алқасының және барлық қатысқандардың жалпы пікірі - сөзсіз, барлық бес финалист - үздік! Бірақ конкурстың форматы келесідей анықталған орындарды бөлуді талап етті.1 орын - Ермағанбетова А.Ж. (тәлімгер - Шалгимбекова А.Б.), 2 орын - Гущина У.В. (тәлімгер - Ли Е.Д. ) және Тауекелов Ш.А. (тәлімгер - Тауырбаева Г.О.), 3 орын - Әмірхамзин Н.К. (тәлімгер - Еcмағанбетова Ш.К.) және Шкваренко Н.С. (тәлімгер - И.Ф. Гурская). Жеңімпаздарға сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар берілді. Сертификаттарға байқау жеңімпаздарыныңтәлімгерлері де ие болды.

Қымбатты жеңімпаздар  сіздерге де, сіздердің  тәлімгерлеріңізге де сәттілік тілейміз!

Тәлімгерлік жобасының кураторы Н.В.. Важева,
ҚМПУ ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіқалықова ҚА.

Менторский проект

Менторский проект

Менторский проект

Менторский проект

Менторский проект

Менторский проект

Менторский проект

Менторский проект

Менторский проект

Менторский проект

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Жеңімпаздарды құттықтаймыз! ҚМПУ-нің тәлімгерлік жобасының негізгі іс-шарасы аяқталды