Ресей Федерациясындағы қазақстандық білім беру күндері

Мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бастығы Н. Қабдрахметов және кәсіби бағдар және мемлекеттік қызмет көрсету офисінің басшысы Ковалева Н. В. Ресей Федерациясындағы "Қазақстандық білім беру күндері" халықаралық білім беру көрмесіне қатысты.

Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауы бойынша "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-мен бірлескен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылады.

Көрме ағымдағы жылдың 15-24 сәуір аралығында Ресей Федерациясының аумағында Қазақстанмен шекаралас бірқатар қалаларда (Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор, Орск, Челябинск, Омбы) өтті. Бұл көрмені өткізудің мақсаты - Ресейдегі қазақстандық білімді насихаттау.

Көрмеге 14 қазақстандық ЖОО қатысты: Назарбаев университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Алматы технологиялық университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық мемлекеттік университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті, Рудный индустриялық институты және басқалар.

Ресей Федерациясындағы Қазақстанның жоғары оқу орындарының көрмесін аша отырып, Астрахань қаласындағы ҚР консулы К. М. Шекқалиев аталмыш іс-шара Ресейлік оқу орындарымен тәжірибе алмасудың бірегей алаңы болып табылатынын, сондай-ақ ресейлік жастарды Қазақстанда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мүмкіндіктерімен таныстырды.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының тұсаукесеріне Ресей мектептері мен колледждерінің 10 мыңға жуық мектеп бітіруші сынып оқушылары, сондай-ақ РФ жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Көрмеге қатысушылар оқуға түсу және тұрғылықты мекенжай және оқу құнымен танысты. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары, соның ішінде алыс шетелдерге ерекше қызығушылық тудырды. ЖОО-ның ПОҚ екі жақты келісім-шарт аясында біздің университетпен ынтымақтасуға дайын.

Шетелдік студенттерді тарту қазақстандық білім беруді интернационализациялауға және қазақстандық жоғары оқу орындарының шетелде танылуына ықпал етеді, сондай-ақ жоғары оқу орнының әлемдік университеттер рейтингісіне енуі маңызды рөл атқарады.

Көрмені өткізу кезінде қазақстандық делегация толық құрамда Омбы қаласындағы ҚР консулдығына барды. Консул К. А. Жүсіпбековпен кездесу достық жағдайда өтті, оның барысында ресейлік оқушылардың Қазақстанда жоғары білім алу мүмкіндігі туралы пайдалы пікір алмасу болды.

Дипломатиялық ведомствоның көмегімен РФ облыстары қазақтарының қоғамдық одақтары мен ұйымдары өкілдерінің көп бөлігі тартылды. Аталған іс-шараны БАҚ-та белсенді түрде жариялады.

РФ-дағы қазақтардың диаспорасы мен қоғамдық бірлестіктері көрмені өткізуге достық қолдау көрсетті.

Мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бастығы  Н. Кабдрахметов
Кәсіби бағдар және мемлекеттік қызмет көрсету офисінің басшысы Н. Ковалёва

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Ресей Федерациясындағы қазақстандық білім беру күндері