Дәстүрді жалғастырамыз…

Облыс аудандарының білім беру бөлімдері өткізетін жоғары және орта арнйы оқу орындарын шақыруымен кәсіптік бағдар беру сипатындағы іс-шараларға қатысу жақсы дәстүрге айналды. Таран ауданы да ерекше болды.

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Таран ауданы әкімдігінің білім бөлімі ұйымдастырған университет қызметкерлері мен студенттері "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Саналы Азамат" базалық бағытын жүзеге асыру аясында "мамандықтар жәрмеңкесіне" қатысты.  

Аталған іс-шараға ауданның 180-нен астам 9-11 сынып оқушылары, педагогтар, ата-аналар, сондай-ақ облыстың үш жоғары оқу орындары мен он колледждерінің өкілдері қатысты.

Әр оқу орны мамандықтарды және дайындық бағыттарын, оқыту ерекшеліктерін, бейне және презентациялық материалдарды, сондай-ақ көркем өнерпаздардың жарқын және есте қаларлық нөмірлерін көрсетті.

Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Евдокимова Ольга Николаевна қатысушыларға университет туралы, оның тарихы, білім беру бағдарламалары және ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігі, сондай-ақ, айтпақшы, Таран ауданының мектеп түлектері болып табылатын 2-ші курс студенттері Лантух Яна (БОПменӘ, ППФ) мен Дущенко Максим (География, ЖМФ), - жарқын және бай студенттік өмір, оқытушылар, оқу зертханалары, оқу практикасы және т. б. туралы айтып берді.

Баяндама балаларды қызықтырды деп және Таран ауданының кейбір 11-сынып түлектері 2019 жылы білім алу үшін Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетін таңдайды деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта Таран ауданынан университеттің түрлі факультеттерінде 97 студент білім алуда.

Мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасы
Тел. 8(7142)54-28-49

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Дәстүрді жалғастырамыз…