«Трансформация кезеңіндегі университет миссиясы»

«Қазіргі пандемия жағдайында кенеттен орын алған өзгерістерге біз қаншалықты дайын болдық?»,  «Сыни ойлары ерекше дамыған, тез шешім қабылдайтын, қазіргі вертуалды әлемнің балалары нені қалайды?»,  «Жоғары оқу орны өз келешегінің көкжиегін қалайша бағдарлауы керек?», «Әлемдік деңгейдегі, қоғамдағы болып жатқан жағдайлар негізінде оқу орнын академиялық шеберлік орталығы ету үшін қандай шешімдер қабылдануы керек?» деген сауалдар ЖОО білім беру саласында қызмет жасап жүрген кез келген жанды толғандыратыны анық. 21 мамыр күні университет оқытушылары осы мәселелер аясында әлемге танымал, Қазақстандағы үздік оқу орны болып саналатын Назарбаев университеті тарапынан ұйымдастырылған вебинар барысында мол ақпарат алды.

Спикер Сагинтаева Аида дәрісінде «Алдағы он жылдан соң университет қандай болады?», «Трансформация кезеңіндегі ЖОО миссиясы өзгеруі қажет пе?»,  «Академиялық ортадағы трансформациялық өзгерістер ЖОО-ны басқаруға қалай әсер  етеді?» деген сұрақтарға қатысты өте өзекті мәселелерді талдауға ұсынды, өз оқу орнының тәжірибесінен алынған мысалдар келтіре отырып, құнды ойларымен бөлісті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс «Трансформация кезеңіндегі университет миссиясы»