ҚМПУ білім беру бағдарламаларының Next фактор жетістігі

2020 жылдың ақпан айының басында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған Қостанай арнайы мектебі мен дуальді жобаны іске қосты. Жоба –инклюзивтік алаңда қызметін жүзеге асыратын басқа да мамандандырылған білім беру ұйымдарын қызықтырды. Бүгінгі күні аталған жобаға Қостанай қаласының басқа да мектептері қосылды (№ 21 НМ, № 22 ОМ, № 51 бөбекжай-балабақшасы, Ерекше білім беру қажеттігі бар балаларға арналған балабақша-мектеп-интернаты Қостанай арнайы кешені, психология-педагогика түзету кабинеті).

Бұл туралы біз Назарбаев Университеті білім беру сарапшыларының жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының бірегейлігі ЖОО-ның өңірлік білім беру мәселелерін қаншалықты меңгеріп, зерделеуіне байланысты, өңірдегі инклюзивті білім беру проблемалары бойынша зерттеу тақырыптарын бекітетініне қатысты маңызды идеяларына назар аудара отырып, айттық. Атап айтқанда, Қостанай облысының білім басқармасына ЕББҚ бар балаларды қазақ тілінде оқытуды енгізу бойынша бірлескен шаралар әзірлеуді ұсынғымыз келеді және осы мәселе бойынша тиісті зерттеулер жүргізуге дайынбыз.Сонымен қатар, шекара маңындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін ескере отырып, біздің білім беру бағдарламаларымыз үшін РФ жетекші білім беру ұйымдары қатарынан стратегиялық әріптестерді анықтаудамыз.Мысалға, бұл бізге Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетімен (РФ, Челябі қаласы) екі дипломды бағдарлама ашуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

Білім беру бағдарламасындағы белгіленген стратегиялар, инклюзивті білім беруді дамыту бойынша кадрлар даярлауды тиімді іске асыру үшін қажетті оқытушылардың кадрлық құрамын перспективалық жоспарлаумен бірге, ҚМПУ білім беру бағдарламаларын одан әрі жетістіктерге алып келетініне сенімдіміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс ҚМПУ білім беру бағдарламаларының Next фактор жетістігі