«Freespeech» студенттерге арналған диалог алаңы

2020 жылғы 7 ақпанда студенттер үшін ЖОО-да құрылған «Freespeech» жаңа диалог алаңы өз қызметін бірінші курстардан бастады.

Кездесу барысында академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Г.Мусабекова білім берудегі өзекті мәселелері және басқа да сұрақтар бойынша бірінші курс студенттерімен ашық диалог өткізді. Студенттер әртүрлі жоспарлы сұрақтар қойды. Кіші курс студенттері педагогикалық кадрлардың аймақтарындағы тапшылығы сияқты маңызды мәселелер туралы (олар үшін әлі ерте көрінетін) жылдар бойы ойланып жүретіндігі қатты қуантты. Алдағы ҰБТ-ның SBT-ға өзгерту және педагогикалық мамандықтарға өту ұпайының 70 ұпайға дейін көтеру мәселесі қаралды.

«Барлықтарың стипендия алдыңдар ма?» деген сұраққа бірінші курс студенттері үнсіз, бірақ ду қол шапалақпен 2020 жылғы 01 қаңтардан бастап шәкіртақының 25% көтерілуіне байланысты өз қуаныштарын осылайша білдірді.

Өз кезегінде Гульвира Айдархановна студенттердің оқуына жайлы және қызықты болуы үшін университеттің қалай өзгерегені туралы айтып өтті. Бірінші курс студенттерінің өмірінде («Адалдық сақшысы» рейд, ЖОО басшысының ай сайынғы студенттерімен «Freespeech» сұхбат алаңы, «Саналы ұрпақ» ҚМПУ-дың әр факультеті ұяшықтарындағы қызмет және т. б.) белсенді рөл атқаратын қызықты іс-шаралармен университеттің жаңадан құрылған «Мансап және жұмыспен қамту» сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл офисінің» жетекшілерімен таныстырды.

Студент өміріне қатысты қабылданатын барлық шешімдер олармен кері байланыс негізінде қабылданатынына уәде беріп, жүргізілген зерттеулер бойынша өз пікірлерін ашық білдіруге шақырды. Бірінші курс студенттері өз ұйымдарын құруға, жастарға арналған байқауларға қатысуға, тіпті ақша табуға мүмкіндіктері бар екенін білді. Ақпараттық жүйеге ( көрсеткіштер, индикаторлар, қашықтықтан режимінде ордерлерді алу, өтініштерді жіберу, жатақханалардағы кезекшілік және т.б.) ауысатын рәсімдер талқыланды. Білім алушылар жатақханада тұру жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар сұрақтар қойды. Жақында жатақхана қабаттарында бос тұрған фойе жұмыс бұрыштарымен жабдықталғанын, әр қабатқа жауапты факультеттер тағайындалғанын, ай сайын рейдтер жүргізілетіні туралы да аталып өтті. Сонымен қатар студенттер душ және кір жуатын бөлмелердің жұмыс уақытын демалыс және жұмыс күндері ұзартылуын сұрады. Студенттер тамақтану блогын жалға алушылардың баға саясаты қанағаттандырмайды деген пікір білдірді. Диалогтық алаң нәтижесі бойынша сол жерде нақты шаралар қабылданды. Диалогтық алаң ҚМПУ-дың өміріне белсенді қатысушылары болып табылатын бірінші курс білім алушыларына «Студенттік парламент» белгісі және алғыс хаттарын табыстаумен аяқталды.

7 02 2020 free speech 1

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс «Freespeech» студенттерге арналған диалог алаңы