Педагог-ерекше мәртебесі бар мамандық

2020 жылдың 30 қаңтарында Федоров ауылындағы "Жастар" мәдениет үйінің базасында "Кәсіптер әлемі" кәсіби бағдар беру форумы өтті.

Форумға облыстың оқу орындарының өкілдері, аудан мектептерінің директорлары, Федоров ауданының 9, 11 сынып оқушылары қатысты. Мәжіліс залына 14 орта мектептен 450-ден астам адамы жиналды.

Салтанатты іс-шаралар алдында жоғары оқу орындары өкілдерінің Федоров ауданының әкімімен кәсіби бағдар беру жұмысының жағдайы туралы сөйлесуге мүмкіндігі болды. Федоров ауданының әкімі Тауба Қайыржанұлы Исабаев қатысушылардың алдында құттықтау сөзімен сөйледі, ол соңғы жылдары түлектердің көбісі қазақстандық жоғары оқу орындарын, атап айтқанда өңірлік және облыстық ЖОО-дарын таңдайтынын атап өтті. Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің студенттері мен оқытушылары біздің ЖОО-ның бакалавриат және магистратураның барлық білім беру бағдарламаларын сипаттады. Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы Шахаман Зәмзәгүл Бәйекеқызы және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының қауымдастырылған профессоры Галия Адгамовна Ручкина жас адамның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін педагогикалық білім алудың маңыздылығы мен перспективаларын атап өтті. Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ қабырғасында сапалы жоғары білім алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар болашақ педагог тұлғасының үйлесімді дамуы туралы айтты. Мұғалімнің кәсіби, әлеуметтік және құқықтық аспектілерін кеңейтетін педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңына түсініктеме берілді. Іс-шараның мәдени бағдарламасы әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 2 курс студенті, Федоров ауданының тумасы Карахметченко Дарьяның өнерімен безендірілді.

Холлда үгіт алаңы ұйымдастырылды, онда студенттер, кафедра оқытушылары және біздің оқу орнының кәсіптік бағдар офисінің қызметкерлері ҰБТ тапсыру рәсімі мен біздің білім беру бағдарламаларына түсу шарттары, сондай-ақ жарқын студенттік өмір туралы толыққанды кеңестер берді.

Үміткерлерді - ОҚЫТУШЫ ерекше мәртебесін алу үшін күтеміз!

30 01 2020 2

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Педагог-ерекше мәртебесі бар мамандық