«Менің Туым, менің Отаным!» акциясы

Ағымдағы жылдың 30 казанында Сұлтанғазин университетінің 1 қабатында «Nur Otan» партиясы жүзеге асырып отырған «Менің Туым, менің Отаным!» атты патриоттық акциясының ашылу салтанаты өтті. Акцияның негізі мақсаты Ұлттық туды кеңінен насихаттау және қазақстан жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтардың Мемлекеттік туды қолдануға және орнатуға тыйым салу стереотипін жою. Мемлекеттік туымыздың әр қоғамдық орындарда, туристтік объектілерде, сауда орталықтарында, орта және жоғары оқу орындарында ілініп тұруы, жүрекке патриоттық сезім ұялатады.

Патриоттық бұрыштың ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастау алды. Бұл акция биылғы жылдың 13 қазанында Алматы қаласы «Медеу» спорт кешенінде, «NurOtan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлының қатысуымен өткен Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімінде бастау алған болатын. Мемлекеттік рәміздердің қабылдануына ерекше үлесін қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді. Бүгінде еліміздің көк байрағы шет елдерде де көкке желбіреп тұр.

Құттықтау сөзді «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Күзенбаев Ельдар Қонысбайұлына бастап, университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы қостады. Тілегіміз, көк байрақты көке желбірететін, отанын сүйетін патриот  жастарымыз көп болсын! Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Менің Туым, менің Отаным!» акциясы