1 қыркүйек – білім күні

2019 жылдың 1 қыркүйегінде Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті алаңында жаңа оқу жылының ашылу салтанаты өтті. Университетіміздің ректоры Әбіл Еркін Аманжолұлы барлық ұстаздар мен студенттерді жаңа бастамамен құттықтап, барлығына сәттілік тіледі.

«ҚМПУ дауысы 2019» ән байқауының финалистері Аубакирова Анель, Садық Фараби, Каримова Диана, байқау ұйымдастырушысы Диана Алшимбаева сынды әншілеріміз ән шырқап, «АйАрудың» қыздары мың бұралып билеген айтулы мерекеге, университетімізде талай жыл қызмет жасаған ардагер ұстаздар да келді.

Барлық студенттердің басын біріктіретін «Студенттік Парламент» төрағасы Төлегенова Айзат пен «Алтын белгі» иегері 1 курс студенті Есен Ләззат құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты түрде жаңа қойлыған Өмірзақ Сұлтанғазиннің ескерткіші алдына ықылас гүлін қойды. Соңғы курс студенті Нұрышева Меруерт пен «Алтын белгі» иегері, 1 курс студенті Жомаров Диас сағындырған жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соқты.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті деген атақ әр түлектің уысына түсе бермейді. Өйткені ұстаз деген ұлы ұғым! Ертеңгі елдің ірге тасын қалайтын жастарды тәрбиелеу бізге жүктеліп отыр. Ал біз Тәуелсіз Қазақстан Республикасының патриот жастарымыз. Ал, бүгінгі білім күні - өткенге деген сағыныш пен болашаққа деген үміттің мерекесі.

https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=2644778972208846

https://ok.ru/profile/591721080357/album/880651386405

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз