«МИСС ҚМПУ-2019» сұлулық байқауы бастау алды

2019 жылдың 4 ақпаны күні Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ акт залында ауқымды «МИСС ҚМПУ-2019» сұлулық байқауына іріктеу кезеңі өтті.

Қыздарды өз ісінің мамандары, балалар шығармашылығы мектебінің қоюшы-режиссері Чеботарь Константин, «МИСС Қостанай» продюссері, "ROSMODEL" моделдік агеттігінің директоры Айсұлу Туткушева іріктеді. «МИСС ҚМПУ-2019» байқауының бас модераторы, студенттер мәдениет үйі басшысы Шөкенов Жалғасбек.

Байқауда университеттің 20 сұлу - әрі талантты арулары бағын сынады. Әр қайсысы бойындағы дарынын ән айту, би, сурет салу, мәнерлеп оқу т.б. өнерлерін көрсетті. Тек 8 қатысушы ғана наурыз айында болатын грандфиналға жолдама алды. Алда қатысушыларды қызыққа толы, тәртіппен жазылған бір ай дайындық күтіп тұр.

«МИСС ҚМПУ-2019» байқауының қатысушылары төменде:

  1. Шатрова Анастасия
  2. Батырбек Әйгерим
  3. Купабаева Анара
  4. Арыстанбек Сымбат
  5. Дусаева Жұлдызай
  6. Жакаева Аина
  7. Маратова Ақжаркын
  8. Воронцова Анастасия

Грандфиналда бізді естен кептес шоу күтіп тұр. Демеушілер мен ұйымдастырушылардың тосын сыйлары да бар, қандай екенін финал күні тамашалаймыз. Қатысушыларға шыдамдылық пен табыс тілейміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «МИСС ҚМПУ-2019» сұлулық байқауы бастау алды