ҚМПУ «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастырған дебат турнирі

2018 жылдың 5 қазаны күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің А201 аудиториясында ҚМПУ «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастаруымен «Ядролық қарудан бас тарту: осы шешімінің нәтижесі қандай? Осы шешімге сіздің көзқарасыңыз қалай? Ядролық қарудан бас тарту арқылы біз не жоғалттық?» тақырыбында факультет аралық қазақ және орыс тілінде дебат турнирі өтті. Университетіміздің «Парасат» пікірталас клубының қолдауымен өткен турнирде қатысушылар алты аудиторияға бөлініп, берілген тақырыпты талдап, ойынды қызу бастап кетті. Негізгі мақсат студенттердің осы тұрғыда көзқарасын тындап, өзара пікір алмасуы еді. Жалпы ойын барысында тақырып толығымен қамтылып, қатысушылар толықтай өз ойларын жеткізе білді. Турнир сонында ҚМПУ «Жас Отан» ЖҚ атынан екі лиганың жеңімпаздарына Кубок, 2-ші, 3-ші орындар мен «Үздік ойыншыларға» грамота және университеттің имиджді өнімдері берілді.

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар ҚМПУ «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастырған дебат турнирі