ҚМПУ ізгі дәстүрлері

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде қарттар күні мен ұстаздар күнін бірге атап өту дәстүрге айналған. Бұл күні барлығына – оқытушылар мен техникалық қызметкерлерге де, лаборанттар мен кітапханашыларға да ерекше құрмет көрсетіледі. Олардың барлығы да ертеңгі күнгі мұғалімнің қалыптасуына өз үлесін қосуда. Осы жылы да институт – университеттің ардагерлері мерекелік іс-шараға шақырылды. Ардагерлерге кіре берістен-ақ құрмет көрсетіліп, студенттер олардың әрқайсысын акт залындағы құрметті орындарына бастап барды. Концерт қатысушыларды тек қана ұстаздар күнімен емес, мейірім және құрмет күнімен құттықтаған жоғарғы оқу орнының ректоры профессор Әбіл. Е. А. сөзінен басталды. Көп өтпей-ақ сахнаға студенттер шығып, қазақ, орыс тілдерінде әндер шырқалды. Мектеп оқушылары болса көрермендерге сыйлық ретінде өздерінің көңілді би қойылымдарын алып келді. Концерттік қойылымдар қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Концерттен соң ардагерлер университеттің кәсіподақ ұйымы белсенділері дайындаған мерекелік дастарханға отырды. Дастархандағы бауырсақ пен шай, жемістер мен тәтті-дәмділер жағымды үй жағдаятын қалыптастырды. Ешқандай уақыт шектеуі болмағандықтан, ардагерлер шәй ішіп, ұзық сырласты. Әртүрлі өмірлік жағдаяттардың әсерінен қонақтардың кейбіреуі басқаларын бір рет қана, онда болса да осы мерекеде көре алады.

Шайдан соң жас оқытушылар ардагерлерді факултеттер мен кафедраларға, оқу орнының бөлімдеріне шақырды. Құрметті қонақтарды жаңа кабинеттер, құрал-жабдықтар және басқа да жаңалықтармен таныстырды. Жасы үлкен әріптестер жоғарғы оқу орнының бүгінгі күні өміріне қатысын сезініп, қуанып қалды.

Осында қытысып отырған ардагерлердің атынан университет басшылығына, кәсіподақ ұйымына және де студенттерге бүгінгі күнгі сыйлаған жылылық үшін өз алғысымды білдіргім келеді. Тек қана туыстар мен жақындардың ғана емес 10-15 тіпті 40 жыл жұмыс істеген жердегі осындай жандардың жадында екендігінді білу – бір ғанибет. Бұндай кездесулер – студенттерге үлгі. Және де бұндай кездесулердің болашақ мұғалімдердің қалыптасуындағы тәрбиелік маңызын асыра бағалау мүмкін емес.

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз