Құттықтаймыз!

2019 жылғы 19-21 сәуір аралығында Нидерланды елінде параолимпиадалық би бойынша халықаралық лицензиялық турнир аяқталды. Оған әлемнің 15 елінен 85 спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының құрамында Қостанай облысының спортшылары қатысты: Муктарова Малика және Сахно Владислав, Жаксагулова Аруна және Чащин Александр. Спортшылардың жаттықтырушысы - Нужный Андрей Владиславович. Жарыстың үшінші күні duo combi latino бағдарламасында "музыкалық білім" білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Муктарова Малика Сахно Владиславпен бірге 2 орынға ие болды.

Осы жылы осы спорт түрі бойынша Малика Қостанай облысы бойынша екі рет 1-ші орынды иеленген еді. Сондай-ақ, Малика бал билері бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылады. Біздің спортшыларымызды халықаралық дәрежедегі медальдармен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жеңістер тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз