20 қарашада Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен «Жастар арасындағы экстремизмнің алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қостанай делегациясы құрамында конференция жұмысына ҚМПИ студенті А.Бычихина және Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанты Е.Бочарова қатысып, баяндама оқыды.

2015 жылғы 10, 11 қарашада ҚМПИ қазақ бөлімінің 1 курс студенттері Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы Діни мәселелерді зерттеу орталығы бөлімінің бастығы Р.Әмірханмен 3 рет кездесу өткізді. Кездесу барысында Р.Әмірхан студенттерге түрлі дәстүрлі емес діни ағымдардың келеңсіз тұстары жайлы қарапайым тұрғыда әңгімелеп, түсіндіріп берді. Кездесу тақырыбы студенттердің шынайы қызығушылығын тудырды, көптеген сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап алынды.

Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және конфессияаралық келісімде тәрбиелеу мақсатында 2015 жылғы 11 қарашада «ҚР практик психологтерінің қауымдастығы» Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты әкімшілігімен серіктестікте Қостанай облысы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында «Жалған ислам ұйымдары: мәні және қатері» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара жатақханада тұратын студенттерге арналып, ҚМПИ №2 жатақханасының акт залында өтті.

2015 жылғы 5-6 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттер үйінде Қостанай ҚІІБ, сондай-ақ институтымыздың учаскелік инспекторы А.В.Шпикинмен кездесу өтті. Кездесу жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелеріне бағытталды, сонымен қатар әкімшілік және басқа да жауапкершілікке тартылатын құқықбұзушылық жайлы сөз болды.

2015 жылғы 4 қарашада «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының өкілі Р.Т.Нұрмұқановамен студенттер үшін «Жастар және дәрі-дәрмек» тақырыбында оқу семинары өтті.

22 қазанда Қостанай қаласының Достық үйінде Қостанай облысы қалалары мен аудандары жоо, колледждерінің ақпараттық-насихаттау топ басшылары мен мүшелерінің облыстық слеті өтті. Қостанай облысы Дін істері жөніндегі басқармасының бастығы Н.К.Нугурбеков АНТ-ның 2014 жылғы жұмыстарының қорытындысын шығару жайлы баяндама оқып, Дінтану орталығы – ҚМПИ АНТ қызметіне ерекше тоқталып өтті. Конфессияаралық келісімді насихаттау және діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қосқан сүбелі үлестері үшін ҚМПИ АНТ мүшелері Д.Әбенов, К.Әбілмәліков және Ғ.Шаймерден Қостанай облысы дін істері жөніндегі басқармасының алғыс хаттары және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

2015 жылғы 20 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында Қостанай облысы әкімдігі өкілдерінің ҚМПИ студенттерімен кездесуі өтті. Кездесуге облыстық дін істері жөніндегі департамент, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма өкілдері мен қалалық мешіттің Имамы қатысты. Кездесу «Серпін-2050» бағдарламасы жөніндегі мемлекеттік саясаттың басты мақсаты, ҚР жастар саясатын іске асыру бойынша жүргізілген негізгі жұмыстар төңірегінде болды.

16 қазанда ҚМПИ АНТ мүшелері К.Әбілмәліков пен Ғ.Шаймерден ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің бір бөлімшесінде жедел құрамның алдында баяндама оқыды. Діни экстремизмнің алдын алу және конфессияаралық сипаттағы шиеленісті ескерту мәселелері баяндама мен одан кейінгі пікірталастың тақырыбы болды.

16 қазанда ҚМПИ 1 курс студенттері Қостанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының көмегімен «Нұр Махаббат» ҚБ ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстел Қостанайдағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде өтіп, этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелеріне арналды. Осы мәселені талқылауға облыстың түрлі этно-мәдени орталықтарының өкілдері, діни қызметкерлер, ғалымдар мен студенттер қатысты.

14 қазанда ҚР МСМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы Христиан діні және Қазақстанның дәстүрлі емес діни ағымдарын зерттеу бөлімінің бастығы Г.Н.Новикова мен ҚР Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағы төрағасының бірінші орынбасары К.А.Тулгаев бірінші курс студенттеріне баяндама оқыды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы