2017 жылдың 23 қазанында Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінің және ҚР тәжірибелі психологтар қауымдастығының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру шеңберінде, ҚМПИ «Еркін пікір» студенттік ақпараттық-насихаттау тобының бірінші құрамының мүшесі Руслан Мырзағалиев Арқалық қаласының гуманитарлық колледжі мен мектептерінде семинарлар мен тренингтер өткізді. Іс-шара тақырыбы біздің республикамыздың әлеуметтік маңызды мәселелерінің кең ауқымын қамтыды.

2017 жылғы 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Астана қаласында «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» Акционерлік қоғамының Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламаларының Кеңсесі және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырған  «Құқық қорғау органдарының экстремизм, радикализм мен терроримзге қарсы әлеуетін күшейту» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ҚМПИ «Мәңгілік ел» ғылыми білім беру орталығының жетекшісі Ғ.И.Шаймерден қатысты.

31 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Зайырлылық және дінтану негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қостанай облысы әкімдігі Дін істері басқармасының өкілдері, ҚМПИ оқытушылары, «Дінтану орталығы» ҚМПИ АТТ мүшелері және Қостанай облысының дінтану мұғалімдері қатысты.

2016 жылғы 26 қазанда Қостанай облыстық Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі басқармасы жанындағы облыстық АТТ (ақпараттық-түсіндіру тобы) мүшелері В.И.Калашев пен К.К.Әбілмәліков ҚМПИ 1 курс студенттеріне баяндама оқыды. Владимир Иванович Калашевтың баяндамасы деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес діни ағымдар қатарына сипаттама беруге арналды.

2016 жылғы 19-20 қазанда ҚМПИ «Мәңгілік ел» ғылыми білім беру орталығының жетекшісі Ғ.И.Шаймерден Омбы қаласында өткен «Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Ғ.Шаймерден этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің ерекшелігі туралы баяндады.

2016 жылғы 14 қазанда ҚМПИ мәжіліс залында Қостанай облысы қалалары мен аудандары жоо, колледждерінің ақпараттық-түсіндіру топ басшылары мен мүшелерінің облыстық слеті өтті. Қостанай облыстық Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі басқармасының бастығы Н.К.Нугурбеков АНТ-ның 2016 жылғы жұмыстарының қорытындысы мен 2017 жылға арналған міндеттер жайлы баяндама оқып, Дінтану орталығы – ҚМПИ АТТ қызметіне ерекше тоқталып өтті

2016 жылғы 14 сәуірде ҚМПИ АНТ – «Дінтану орталығының» басшысы Ғ.И.Шаймерден Қарасу ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына Қазақстанның діни қауіпсіздігі мәселелеріне арналған дәріс оқыды. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы айтылып, бүгінгі таңда байқалатын негізгі жағымсыз үрдіс пен одан шығатын нақты қауіптер сөз болды. Дәрістің екінші бөлімі «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мәселелеріне арналды.

16 наурызда «Мәңгілік ел» ғылыми-білім беру орталығының қызметкрелері Ғ.И.Шаймерден және Д.Е.Абенов Әуликөл ауданы әкімдігі мен АІІБ қызметкерлеріне «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясына арналған дәріс оқыды. Олар баяндамаларында оқу орнында институт ректоры Қ.М.Баймырзаевтың бастамасымен студент жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелерімен айналысатын «Мәңгілік ел» ғылыми-білім беру орталығы құрылғандығы жөнінде айтып өтті.

2016 жылғы 11 наурызда студенттік «Еркін пікір» ақпараттық-насихаттау тобы Қостанай кәсіби политехникалық колледжінің білім алушыларына баяндама оқыды. Студенттеріміз баяндамаларын Мәңгілік ел тақырыбына арнап, Жаңа Қазақстанды құруға негіз болатын жалпыұлттық патриоттық идеялардың басты қырларын ашуға тырысты. Баяндаманың екінші тақырыбы діни экстремизм мен лаңкестік мәселелеріне арналды.

2016 жылғы 11 наурызда студенттік «Еркін пікір» ақпараттық-насихаттау тобы Қостанай кәсіби политехникалық колледжінің білім алушыларына баяндама оқыды. Студенттеріміз баяндамаларын Мәңгілік ел тақырыбына арнап, Жаңа Қазақстанды құруға негіз болатын жалпыұлттық патриоттық идеялардың басты қырларын ашуға тырысты. Баяндаманың екінші тақырыбы діни экстремизм мен лаңкестік мәселелеріне арналды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы