Жолдауды талқылау

2018 жылдың 17 қаңтарында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының - Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылауға арналған ұжымның жиналысы өтті

Тыңдаушылар алдында институт ректоры профессор Е.А. Әбіл сөз сөйледі. Ол бұл Жолдау әрі қарай әрекет етуіне және мемлекеттің дамуына жаңа мүмкіндіктерді іздестіру үшін ең маңызды нұсқаулық екенін атап өтті. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында әлемдегі сенім мен сыйластықты ынталандыратын брендке айналған халықаралық қоғамдастық тарапынан танылған Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін көрсетті.
Белгіленген міндеттерді іске асырудың негізгі басымдықтары анықталды: цифрландыру, білім берудегі үштілділік, IT-технологияларын оқыту деңгейін арттыру.

Еркін Аманжолұлы біздің ЖОО-да Жолдауды жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді: факультеттердегі көптілді топтардың санын көбейту, оқыту сапасын арттыру, білім беру мазмұнының жаңартылуына сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу. Президент жолдауы барлық факультеттерде және бөлімшелерде талқылануда. Институттың жоспарларына Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша ұсыныстар енгізілген.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз