Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасының орынбасары Божко Владимир Карпович біздің университетімізде

2018 жылдың 9-қаңтарында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің төрағасының орынбасары Божко Владимир Карпович профессор-оқытушылар құрамымен кездесу және Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасының жұмысымен танысу үшін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына келді.

Мәжілісменді Қостанай облысының әкімінің орынбасары Жүндібаев М.К. және облыстық Қазақстан халық Ассамблеясының хатшылық жетекшісі Шуленов.М.М. және мемлекеттік органдар өкілдері қарсы алып, таныстыру шараларын жүргізді.

Педагогикалық институтта құрметті қонақтарды ректор Әбіл Еркін Аманжолұлы қарсы алды.

Әрине, Владимир Карповичпен кездесу Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасында профессор-оқытушылардың құрамымен өтті. «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасының жұмысы жайлы» есеп беру сөзін Евдокимова Ольга Николаевна алды. Өзінің сөзінде кафедра жұмысының басты бағыттары, өткізілетін іс-шараларды, Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдармен одақтастығы, Қостанай мемлекеттік университетінің «Қоғамдық келісім» ұйымын кафедра басшылығымен өткен мерекелерге шақыру .

Келесі кезекте Божко В.К. көрсетілген жұмысты жоғары бағалап, Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасының жасалған жұмыстары жөнінде ақпаратты және дамуына байланысты ұсыныстарды Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасының төрағасы Башмаков А.А. жеткізуге уәде берді.Сөз барысында профессор-оқытушылар құрамы мынадай мәселереді көтерді: жоғарғы оқу орындарындағы білім беру, бірігіп даму, салт-дәстүрді сақтау және Қазақстан қоғамының рухани жаңғыруы, сонымен қоса Парламентте қабылданған жаңа заңдар туралы мәліметтер берілді.

Божко В.К. өзінің қорытындысын Елбасының мына сөзімен түйіндеді: «Егер біздің елімізде бейбіт және келісім болмағанда, біз қазір жетіп отырған жетістіктер болмас еді.»

Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің төрағасының орынбасары Божко Владимир Карпович біздің институтымыздың оқытушыларына алғыс айтып, алдағы уақытта жоғарғы оқу орнының дамуына тілектестік білдірді.

Божко Владимир Карпович

Божко Владимир Карпович

Божко Владимир Карпович

Божко Владимир Карпович

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасының орынбасары Божко Владимир Карпович біздің университетімізде