Парламент мәжілісінің депутаты Сыздықов Т.Ы. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында болды

Экономикалық реформалар және аймақтық даму Комитетінің мүшесі Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты Сыздықов Тұрғын Ысқақов 2018 жылдың 8-қаңтарында жұмыс барысымен Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтында болды.Депутатпен кездесу профессор-оқытушылар құрамымен Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасында өтті.

Кездесу барысында депутат маңызды экономикалық және әлеуметтік бағытта елдің дамуын, ортақ мақсатпен дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөнінде атап айтты. Депутат өз сөзінде Қазақстандағы жоғарғы және орта білім мәселелеріне тоқталды: мектепті компьютерлендіру, үш тілді меңгеруге көшу, қазақстандық жоғарғы оқу орындарының жеке өнімділігі, оқытушылардың жалақыларын көтеру. Сонымен қатар, «Соғыс ардагерлері», «Ынтымақтастық» туралы заң жобалары жөнінде айтты.

Кездесу қорытындысында мәжіліс депутаты өз ескертпесіне бірнеше халықтың экономикалық және әлеуметтік дамуына байланысты маңызды сұрақтарды алды.

Кездесуді аяқтау кезінде профессор-оқытушылар құрамының атынан институттың ректоры Әбіл Еркін Аманжолұлы Тұрғын Ысқақұлына сәттілік пен табыс тіледі.

08-01-2018

08-01-2018

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы Парламент мәжілісінің депутаты Сыздықов Т.Ы. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында болды