Қостанай облысының ақпараттық-түсіндіру тобы басшылары мен мүшелерінің слеті

2016 жылғы 14 қазанда ҚМПИ мәжіліс залында Қостанай облысы қалалары мен аудандары жоо, колледждерінің ақпараттық-түсіндіру топ басшылары мен мүшелерінің облыстық слеті өтті. Қостанай облыстық Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі басқармасының бастығы Н.К.Нугурбеков АНТ-ның 2016 жылғы жұмыстарының қорытындысы мен 2017 жылға арналған міндеттер жайлы баяндама оқып, Дінтану орталығы – ҚМПИ АТТ қызметіне ерекше тоқталып өтті. Конфессияаралық келісімді насихаттау және діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қосқан сүбелі үлестері үшін, ҚМПИ АТТ мүшелері Д.Әбенов, К.Әбілмәліков және Ғ.Шаймерден Қостанай облыстық Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі басқармасының алғыс хаттары және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы Қостанай облысының ақпараттық-түсіндіру тобы басшылары мен мүшелерінің слеті