Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі

2016 жылғы 19-20 қазанда ҚМПИ «Мәңгілік ел» ғылыми білім беру орталығының жетекшісі Ғ.И.Шаймерден Омбы қаласында өткен «Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Ғ.Шаймерден этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің ерекшелігі туралы баяндады. Сондай-ақ ол Қазақстанда қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған заманауи реформаларға тоқталды. ҚР Президенті жариялаған көптілді білім беру реформасы омбылық әріптестердің шынайы қызығушылығын туғызды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі