ҚМПИ студенттеріне АТТ мүшелерінің баяндама оқуы

2016 жылғы 26 қазанда Қостанай облыстық Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі басқармасы жанындағы облыстық АТТ (ақпараттық-түсіндіру тобы) мүшелері В.И.Калашев пен К.К.Әбілмәліков ҚМПИ 1 курс студенттеріне баяндама оқыды. Владимир Иванович Калашевтың баяндамасы деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес діни ағымдар қатарына сипаттама беруге арналды. К.Әбілмәліков интернет желісі арқылы деструктвиті ағымдардың жақтаушылары қолданатын психологиялық ықпалдар мен өз қатарларына тартудың түрлі әдіс-тәсілдері жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының аясында «Қостанай облыстық психологтер қауымдастығы» ҚҚ волонтері, ҚМПИ 2 курс студенті А.Бычихина діни экстремизмнің алдын алу мәселелері туралы баяндама оқып, Қауымдастық қызметі туралы айтып өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы ҚМПИ студенттеріне АТТ мүшелерінің баяндама оқуы