Дінтану мұғалімдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысы

31 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Зайырлылық және дінтану негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қостанай облысы әкімдігі Дін істері басқармасының өкілдері, ҚМПИ оқытушылары, «Дінтану орталығы» ҚМПИ АТТ мүшелері және Қостанай облысының дінтану мұғалімдері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында мектеп оқушыларына арналған дінтану оқулығының артықшылықтары мен кемшіліктері талқыға салынды. Мектептегі дінтану пәні бойынша оқу жүктемесі, оның факультатив ретінде заманауи дәрежесі қарастырылды. Сонымен қатар эстетикалық және патриоттық тәрбие, ғаламтор желісінің кері әсерінің алдын алу, жас ұрпақтың түрлі дәстүрлі емес діни ағымдарға көзқарасы мәселелері көтерілді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы Дінтану мұғалімдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысы