Дін бойынша семинар-тренинг

21.04.1521 сәуірде ҚМПИ ректор кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден және «Дінтану орталығы» - ҚМПИ АНТ мүшелері К.К.Әбілмәліков пен Д.Е.Әбенов Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің білім алушыларына арналған оқу семинар-тренингіне қатысты. Семинар «Социум & Я» ҚБ және Қостанай облысының Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы ҚМУ «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» өзара әрекеті ретінде ұйымдастырылды. Семинар модераторы, «Социум & Я» ҚБ басшысы М.К.Журкабаев баяндамасында жастардың түрлі миссионерлердің, жалған әулиелердің не болмаса басқа да харизматтардың ықпалына тез түсетін болғандықтан, олар қазақстандық қоғамның ең осал тұсы болып табылатынын атап өтті. Біздің қоғамның басты міндеті – осындай жаппай зақымдау қаруларының түрлеріне қарсы тұруға дайын болу. АНТ мүшелерінің басты міндеті – жастарға түрлі діни ағымдар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы Дін бойынша семинар-тренинг