Қазақстанның діни қауіпсіздік мәселелері

17.04.1517 сәуірде ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И. Шаймерден және «Дінтану орталығының» ҚМПИ АНТ мүшелері К.К. Әбілмәліков пен Д.Е. Абенов Қостанай облыстық Әділет департаменті мен Қостанай аудандық Мемлекеттік табыс басқармасы (Затобол ауылы) қызметкерлерінің алдында баяндама оқыды. Баяндама тақырыбы қазіргі уақыттағы Қазақстанның діни қауіпсіздік мәселелеріне, ақпараттық шабуылға арналды. К.Әбілмәліков мұсылман, христиан діндеріндегі түрлі секталар мен діни ағымдардың жетекшілері және жақтаушылары қолданатын психологиялық тарту әдістері туралы кеңінен баяндап берді. Д.Әбенов баяндамасында бұрынғы және қазіргі уақыттағы діни қақтығыстардағы этникалық фактордың сипаттамасына тоқталып өтті. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, діни және геосаяси аспектілердегі заманауи мәселелердің өзектілігі тыңдармандардың қызығушылығын туғызды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы Қазақстанның діни қауіпсіздік мәселелері