Дін саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум

19.03.1519 наурызда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден және Қостанай облысы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының бастығы Н.Қ.Нөгербеков 2015-2016 жылдарға арналған дін саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандум Қостанай облысы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасы мен ҚМПИ АНТ (ақпараттық-насихаттау тобы) – «Дінтану орталығы» арасындағы өзара қарым-қатынас шегін анықтайды.
Ынтымақтастық тұрақты түрде бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Ең бірінші кезекте халықтың түрлі санатының діни сауаттылығын арттыруға, діни лаңкестік және радикалдық ағымдар мен топтар әрекетіне қарсы азаматтардың берік діни иммунитетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық және алдын алу іс-шаралары бірге өткізілді.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары аясында әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыру, ақпараттық материалдар, буклеттер, жадынамалар шығару, сонымен қатар ортақ оқу-әдістемелік, кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыруда бірге әрекет ету шаралары күшейтіледі.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы Дін саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум