Университетіміздің ерекше тұлғаларымен таныстыруды жалғастырамыз

«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деген ұлы Абай сөзін ұстаным етіп, үздіксіз ізденіс пен жан-жақты тұлғалық дамуды өмірлік мақсат еткен Данияр Ихсан жақын уақытта университетіміздің түлегі атанбақшы.

Ол 2018 жылы Талдықорған қаласында өткен «Ілияс әлемі» жастар фестивалінің «Тар жолды, тайғақ кешулі тағдырлар» атты ғылыми жоба байқауының 2 орын, «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2018» атты студенттер мен магистранттардың ХХ республикалық ғылыми конференциясының 3 орын, ЖОО студенттерінің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының ІІІ дәрежелі дипломы,  «Мосты согласия» қоғамдық қоры ұйымдастырған Республикалық «Үздік студент» жобасының  «Үздік студент-2018» төсбелгісінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры стипендиясының иегері.

Данияр көркемсөз оқу және прозалық туындылар жазумен де айналысады. Бірнеше мәрте облыстық, қалалық, университетішілік деңгейдегі көркемсөз оқу шеберлері байқауының  жүлделі орындарын жеңіп алып, «Астана кітап» баспасының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Жас қаламгер» атты студенттер арасындағы балаларға арналған әңгіме жазу байқауында «Үздік әңгіме» номинациясын иеленді.

Университеттегі оқуы барысында ғылыми, шығармашылық бағыттарда үлкен жетістіктерге қол жеткізген Даниярдың заманауи талаптарға жауап берерлік, бәсекеге қабілетті, кәсіби маман болатынына ұстаздарының сенімі мол.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы Университетіміздің ерекше тұлғаларымен таныстыруды жалғастырамыз