Синьцзян аграрлық кәсіби-техникалық университетінің жеті студенті біздің Университет негізінде орыс тілі бойынша тілдік курстардан өтті. Қытай елінің білім алушылары біздің Университетімізге академиялық ұтқырлық бағдарламасы  бойынша 2018 жылдың 22 қаңтары мен 10 маусым аралығында білімдерімен алмасты. Орыс тілі бойынша білім беру курстарын Ищанова Раиса Садыкпаевна және Арсаева Сара Болтаевна сынды білікті оқытушылар жүргізді.

Қазақстандық білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі шаралары: заманауи технологиялар мен оқыту әдістерін енгізу, педагогикалық мамандар құрамының сапасын арттыру, қазақстандық патриотизмді, төзімділікті дамытуға бағытталған тәрбие жұмысын күшейту және т.б. Осы міндеттерді шешу Болон декларациясының талаптарын орындау мәнмәтінінде айрықша маңызға ие. Белгілі болғандай, біртұтас әлемдік білім беру кеңістігін қалыптастыру, ең алдымен, оқу үдерісін ұйымдастыруда үйлестіру амалын білдіреді. Болон үдерісі аясында студенттердің, оқытушылардың және университеттің бас қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығына үлкен мән беріледі.

2015 жылғы 22 мамырда шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ пен Франция университеттерінде студенттердің білім алуы үшін ағылшын және француз тілдерінен іріктеу турын өткізді. Іріктеу турына түрлі мамандық студенттері қатысты. Тестілеу алдында оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, (PhD) философия докторы, қауымдастырылған профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген сөз сөйлеп, әділ қазылар мүшесі, профессор А.С.Оспанова студенттерге тест тапсыру кезінде сәттілік тіледі.

2015 жылғы 11-27 наурыз аралығында Тілдер дайындығы оқу-тәрбие орталығына Гумбольд атындағы университеттің (Германия) PhD докторы, профессор Фолькер Раддатц «Биология», «География», «Химия» мамандықтарындағы көптілді топтардың 1,2,3 курс студенттері үшін «Шетел тілі», «Кәсіби бағытталған шетел тілі» пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізу үшін шақырылды. Фолькер Раддатц ҚМПИ оқытушыларына «Шетел тілдерін оқытудың заманауи дидактикасы мен әдістемесі» тақырыбында семинар өткізді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен Кент мемлекеттік университеті арасында (Огайо штаты, АҚШ) 2014 жылдың мамыр айында келісім-шарт жасалынды. Осы бағдарлама бойынша Кент мемлекеттік университетінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты шет тілдері факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті Унгутбаева Айша Сеиткалиевна бір семестр бойы білім алуда.

2014 жылдың 9 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалыцқ институты академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша аймақтық жиынға қатысты. Жиын ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы Болон процесі және академиялық ұтқырлық Орталығы. Сонымен қатар бұл жиынға ұлттық және аймақтық жоғары білім беру орталықтарының өкілдері ат салысты.

ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ РЕКТОРАТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ «БІР СЕМЕСТР БОЙЫ ШЕТ ЕЛДІК ЖОО-ДА» ДЕГЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КІРІСКЕНІ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 03 ақпандағы №28 бұйрығына сәйкес, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 2014 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап бір семестр бойы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдердің жоғары оқу орындарына оқуға жіберілетін студенттерінің саны бекітілді.

2014 жылдың 20 наурызында профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы аясында Макао университетіне (Қытай) іссапардан шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі М.И. Кудрицкая мен кафедра оқытушысы Е.А. Кудрицкая оралды. 8-17 наурыз айында олар Макао университетінің Ағылшын тіл орталығында жұмыс істеді. Академиялық мақсатта студенттерге барлық төрт деңгейде ағылшын тілінен сабақ беріп, орталықтың әріптес-қызметкерлерімен тәжірибе алмасты. Қазақстан мемлекеті және «Қазақстан Республикасындағы үштілділік» мәдени жобасы жайында ақпараттармен бөлісті.

2014 жылдың 24 қаңтарында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының кураторлары (Баубекова Г.К., Омарова К.И., Коваль В.В., Жусупова А.У, Ахметова Э.Б., Баймаганбетова К.Т.) «ҚМПИ студенттерінің академиялық мобильділік» бағдарламасына қатысқан студенттерімен кездесуді ұйымдастырды.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты шынайы әлеуеті бар Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ішінен лайықты орынға ие болған жоғары оқу орны. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында академиялық ұтқырлықты дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Институт республикамыздың он үш жоғары оқу орындарымен белсенді түрде ынтымақтастық орнатқан.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Академиялық ұтқырлық жаңалықтары