2019 жылы 11 қарашада «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерінің (куратор Т.Р.Пчелкина) физика-математика ғылымдарының кандидаты, өлеңдердің авторы Б.Н. Демисеновпен шығармашылық кездесуі өтті. Кездесу барысында Б.Н. Демисенов өзінің өлеңдерімен таныстырып, поэзияға деген қызығушылығының тарихын айтып өтті. Қатысушылар ақындық шығармашылықтың басталуы, сүйікті авторлары, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар қойылды.

2019 жылдың 7 қарашасында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің - "Кәсіптік оқыту" мамандығының 2-курс студенттері информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Әлия Батырханқызы Шалгимбекованың жетекшілігімен "Техника және еңбек бойынша сыныптан тыс жұмыс" пәні аясында қалалық техникалық шығармашылық мектебінде экскурсия өткізілді. Экскурсияны директордың орынбасары Зубко Наталья Николаевна өткізді.

2019 жылдың 6 қараша күні ақпараттық кітапхана орталығында ақын, журналист Байтұрсын Ілиястың 80 жылдық мерей тойына арналған «Қазақтың бір туар азаматы» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараға (Байтұрсын Ілиястың келіні) Айсұлу Ілиясова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, филология, педагогика және психология факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты. «Қазақтың бір туар азаматы» атты көрме ұйымдастырылды.

«Химиктер сүттің пайдасы туралы» кураторлық сағаты төртінші және бірінші курс химия студенттерін біріктірді (кураторлар О.М. Чернявская және М. А. Губенко). Іс-шара тамақ химиясы бойынша жобалық тапсырма СӨЖ түрінде жоспарланған (қауым.проф. Важева Н.В.). Іс-шара барысында сүт - тағамдық өнім ретінде, адам ағзасына пайдалы заттары бар күрделі физика-химиялық жүйе ретінде талқыланды. Молдашева Жанель сүттің құрамы және оның тағамдық құндылығы туралы қызықты және мазмұнды презентация дайындады.

Ағымдағы жылдың 30 казанында Сұлтанғазин университетінің 1 қабатында «Nur Otan» партиясы жүзеге асырып отырған «Менің Туым, менің Отаным!» атты патриоттық акциясының ашылу салтанаты өтті. Акцияның негізі мақсаты Ұлттық туды кеңінен насихаттау және қазақстан жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтардың Мемлекеттік туды қолдануға және орнатуға тыйым салу стереотипін жою. Мемлекеттік туымыздың әр қоғамдық орындарда, туристтік объектілерде, сауда орталықтарында, орта және жоғары оқу орындарында ілініп тұруы, жүрекке патриоттық сезім ұялатады.

2019 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Әралуандықтағы бірлік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің қазақстандық қоғамның ынтымақтастығы мен бірлігін нығайту аясындағы жұмысы туралы айтылды. Форумның қонақтары мен спикерлері ҚР Парламентінің депутаттары, олардың Мәскеу, Барнаул, Қырғызстан, Үндістан, Тәжікстандағы қонақтары, ҚХА мүшелері, ғылыми-сараптамалық кеңес және этномәдени бірлестіктер, өңірлердегі ғылыми-сараптамалық топтар мен жоғарғы оқу орындарындағы ҚХА кафедралар, белгілі қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының басшылары болды.

"Бейнелеу өнері және сызу" білім беру бағдарламасының студенттері Сапи Гүлзат пен Жуматаева Линара ғылыми жұмыстар мен жобалар республикалық байқауының 2 дәрежелі дипломдарына ие болды – 2019 ж. Ғылыми жұмысының тақырыбы – «Қостанай қ. мысалында ислам сәулетіндегі дәстүрлер мен заманауи үрдістер боыйнша Қалалық мешіттің сыртқы дизайны». 30 қазанда 2019 ж. ректор Еркін Аманжолұлы студенттерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі атынан диплом тапсырды. 

Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысының нәтижесі бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті Стадник Кристина үшінші орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі - филология ғылымдарының кандидаты, филология департаментінің қауымдастырылған профессоры К.Қ.Сегізбаева. Ғылыми жұмыстың тақырыбы «Болжалды-бағалау зат есімдері».  Стадник Кристинаның зерттеу жұмысы тіл мәдениеті аспектісінде жүргізілді, сипаттау объектісі бағалау лексикасының тіл мен мәдениеттің интеграциялық бірлігі, тілдік дүниетаным бірлігі ретінде бағалау лексикасы болып табылады.

2019 жылдың 29-30 қазан аралығында Қостанай қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырыс бағдарламасында студенттермен кездесулер, қайырымдылық акциялар, дөңгелек үстел форматындағы кездесулер, БАҚ үшін брифинг, облыстық Аналар кеңесінің қызметінің көрмелері, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің пленарлық отырысы жоспарланған.

2019 жылдың 29 қазаны күні Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттірі арасында Педагогика кафедрасының аға оқытушы, педагогикалық ғылымдар магистрі Хамзина Гүлшат Бакытжановнаның ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына арналған «Ыбырай ізімен» атты интеллектуалды квест өткізілді. Интеллектуалды квест барысында студенттер 2 топқа бөлінді: 1 станция. «Кім тапқыр?» Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар. 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар