«ҚМПУ жас оқытушылар байқауы туралы ереже»

Байқаудың мақсаты - шығармашылықпен жұмыс істейтін жас оқытушыларды анықтау және қолдау, педагогтарды оқу-тәрбие үрдісінде және ғылыми-зерттеу қызметінде инновацияларды іздеу және іске асыруға ынталандыру. Байқау екі кезеңде өтеді – сырттай және күндізгі.

Байқаудың мақсаты - шығармашылықпен жұмыс істейтін жас оқытушыларды анықтау және қолдау, педагогтарды оқу-тәрбие үрдісінде және ғылыми-зерттеу қызметінде инновацияларды іздеу және іске асыруға ынталандыру.

Байқау екі кезеңде өтеді – сырттай және күндізгі

Сырттай кезеңнен өту үшін байқауға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар мен материалдарды жіберу қажет:

  • конкурсқа қатысуға өтінім;
  • портфолио (қағаз және электронды түрде)
  • ғылыми хатшы растаған жарияланымдар тізімі
  • дипломдардың, сертификаттардың және Конкурсқа қатысушының жетістіктері туралы куәландыратын басқа да құжаттардың көшірмелері

Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 1 ақпанға дейін жүзеге асырылады.

Екінші кезең - күндізгі ( 2019 ж. Наурыз )

Екінші кезең барысында қатысушылар

  • өзін-өзі таныстыру жайлы презентация (регламент 10 минут)

Презентацияда авторлық педагогикалық тәсілге сәйкес ҚМПУ-да мамандарды даярлаудың оқу-тәрбие процесіне өзінің қатысуын көрсету; инновациялық идеялар, олжалар; оқытушының өз қызметінде және қоғамның қазіргі даму кезеңінде студенттерді дайындауда ғылыми - зерттеу жұмысының маңызын түсіну.

  • Ашық сабақ ( регламент 50 минут )

Байқау қорытындысын шығару

Байқау қорытындыларын шығару конкурстық іріктеу критерийлеріне сәйкес конкурстық сынақтарды бағалау нәтижелері бойынша жүргізіледі. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың ұйымдастыру комитеті

Төраға - Бектурганова Р.Ч., ректордың кеңесшісі, п. ғ.д. , профессор

Мүшелері:

  • Абдыкаликова К.А., ардагерлер кенесінің төрағасы, жаратылыстану кафедрасының профессоры, х. ғ. к.
  • Важева Н.В., менторлық жобаның кураторы, пед.ғ. канд., жаратылыстану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п. ғ. к.

Байқаудың қазылар алқасы

  • Төраға - Мусабекова Г.А. , академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, п. ғ. к.
  • Төрағаның орынбасары - Өтегенова Б.М., педагогика кафедрасының меңгерушісі, п. ғ. к., доцент

Мүшелері:    

  • Ташетов А.А., ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының бастығы, PhD доктор
  • Ищанова Р.С. – қосымша және қашықтықтан оқыту факультетінің маманы
  • Бермагамбет Р.Е., оқу -әдістемелік басқармасыакадемиялық бағдарламалар офисінің жетекшісі, магистр.

Байланыс тел.: 223
Абдыкаликова К.А., Важева Н.В.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная ҚМПУ-дегі тәлімгерлік жоба ҚМПУ жас оқытушылар байқауы туралы ереже