«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Qostanaı tańy, 2020 жыл, 21 ақпан (№ 21), 10 Б.

Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогика университетінің филология факультеті ұй-ымдастырған өнер-білім сайысы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайулының 175 жылдық мерейтойына арналды. Байқаудың салтанатты ашылу рәсімінде ҚМПУ рек-торының міндетін атқарушы Г. Мұсабекова құттықтау сөз сөйлеп, Абай мұрасының бүгінгі қоғамдағы мән-маңызына тоқталды. Байқауға қазылық ету үшін М. Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институты «Абайтану және әдебиет» бөлімінің меңге-рушісі С. Қорабай Алматыдан арнайы келіпті. Байқауға қатысушыларға сәттілік тілеген құрметті қонақ студенттерге абайтанудың әлі де зерттеле қоймаған мәселелері жөнінде әңгімелеп берді. Іс-шараға жиналған көпшілік әуелі І. Омаров атындағы қазақ драма театры әртістерінің Абай туралы сахналық қойылымынан үзінді тамашалады.

Өнер-білім сайысына Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларынан келген ЖЖО мен колледж студенттері қатысты. Байқауға қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты бірінші кезеңде Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыбындағы шығармалары жатқа оқылды. Ал «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» деп аталатын екінші кезеңде жастардың әншілік өнері сынға түсті, «Абай қара сөздері – тағылымды мұра» атты үшінші кезеңде студенттер ақынның қара сөздерін мә-нерлеп оқып, мән-мағынасын түсіндірді.

Байқауға қатысушылардың барлығы да мұқият дайындықпен келген. Олардың өнері Абай шығармаларын мәнерлеп оқуы, ән таңдаудағы талғам өлшемі, орын-даушлық шеберлігі, оны тыңдарманға жеткізе алуы, мазмұндылығы, сахналық киімі ескеріле отырып бағаланды. Үміткерлердің барлығы жан-жақтылығымен ерекшелене білді. Көп студент театрландырылған қойылымдар дайындап келіпті. Өте қызықты, мазмұнды өнер көрсете білді. Бұл байқауда өзге ұлт екілдерінің де сайысқа түсіп, басқалармен тең өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. Әлем таныған Абай болған соң, ұлы ақынның шығармалары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқылды. Байқауға қатысушылардың арасында Абайдың 100-ден астам өлеңін жатқа оқитын студенттер де бар. Мәселен, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-інен келген Надежда Шифнер ұлы ақынның 175 өлеңін жатқа біледі екен. Ұлты неміс, рухы қазақ талапты жас жеңімпаз-дар қатарынан табылып, жүлделі екінші орынды ұтып алды.

– Бұл байқау Абайдың 175 жылдығына орай университетте ұйымдастырылып отырған кешенді шаралардың бастауы іспеттес. Жастарды ұлы ақынның шығарма-ларымен сусындату арқылы отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады. Абай шығармалары ел аузында кеп айтылады. Бірақ мән беріп оқитындар аз. Шынтуайтына келгенде, бізге қазір абайтанудың әдістемесін жасап, қалыптастыру қажет. Бұған білікті ғалымдар мен тәжірибелі әдіскерлер, абайтанушылар тартылуы тиіс. Белгілі математик Асқар Жұмаділдаев Абайдың қара сөздерін мектеп бағдарламасынан мүлдем алып тастау керек дегенді жиі айтып жүр. Ғалымның сөзінің жаны бар. Өйткені, Абайдың қара сөздері мектеп жасындағы балалардың пайым-түсінігіне ауыр келеді. Бала оқып, жаттап алғанымен, сөз астарын түсінбейді. Абайдың қара сөздерін емірден көрген-түйгені бар, естияр адам ғана терең бойлап түсіне алады. Сондықтан, Абай мұрасы бастауыш сыныптан бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін жас ерекшелігіне қарай оқу-әдістемелік тұрғыдан бір ізге түсіріліп, жүйеленуі тиіс. Абай шығармаларының жинағын да оқырманның жас ерекшелігіне қарай, екшей отырып саралаған дұрыс. Мысалы, ақын поэзиясындағы табиғат лирикасы мен өнер-білімге үндейтін өлеңдерін жеке жинақ етіп бастырып шығарғанда, кітап мұқабасының сыртына «7+» деген белгі қойылуы керек. Сол сияқты Абайдың қара сөздеріне «16+» шартты белгісі қойылса, ата-анаға да, балаға да кітап таңдау оңай болады, – дейді филология ғылымдарының кандидаты Қарлығаш Нұрмұхамбетова.

         Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ