Полицейлер тіл меңгерді

Qostanaı tańy, 2020 жыл, 15 қаңтар (№ 5), 6 б.

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік  педагогикалық университетінің қабырғасында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курсын толық аяқтағандарға сетрификат табысталды.

Өткен жылы мемлекеттік тілді дамыту мақсатында бірқатар жұмыс атқарылды. Мәселен, осы тілдерді оқыту орталығында жергілікті бюджет есебінен латын әліпбиіне негізделген арнайы кабинет ашылды. Соның арқасында мыңға жуық мемлекеттік және бюджет саласының қызметкерлері қазақ тілі мен ағылшын тілін меңгерді. Сондай-ақ, әртүрлі ұлт өкілдері өздерінің ана тілін үйрену мүмкіндігіне ие болды.

Қорытындысы бойынша үздік оқытушылар мен мекемелерді жаңа белестерімен құттықтау рәсіміне Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекинова қатысты.

– Жерлестеріміздің мемлекеттік тілді меңгеруге деген ниеті қуантады. Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыру үшін тілді білу өте маңызды. Сонымен қатар, заман талабына сай үштілді қатар үйрену керек. Бүгін бізге қолдау көрсеткен барша әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Сіздерді жаңа белестеріңізбен құттықтаймын! – деді Г. Ермашқызы.

Сонымен, ҚР Мәдениет жөне спорт министрлігі ұйымдастырған "Үздік сабақ" республикалық байқауында бас жүлдеге ие болған Айнұр Нұрбекова сахна төрінде марапатқа ие болды. Ал мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен қолданыс аясын ке-ңейту және оқып-үйрену бағытындағы жұмысты жетілдіруге қосқан үлесі үшін "Үздік мекеме" номинациясы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті үздік деп танылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде еселі еңбек етіп келе жатқан Қостанай облысы полиция департаментінің жұмысы ерекше аталып өтті. Іс-шара аясында қазақ және ағылшын тілдері курсына қатысып, тілдік машығын жетілдіргені үшін сексен тәртіп сақшысы сертификат алды. Оның 27-і ағылшын тілі бойынша білім алып шыққан. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге артып отыр. Солардың бірі – Қостанай облысы полиция департаменті кадр саясаты басқармасының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Виль Ахмадиев.

– Мен аталмыш курста білім алдым. Қазақ тілін жақсы білемін. Орталықтың арқасында ресми деңгейде сөйлеуге үйрендім. Іс-қағаздарды мінсіз орындау үшін мемлекеттік тілді еркін білуің керек. Бұнымен тоқтап қалмай, одан әрі дамытуға ты-рысамын және ағылшын тілін үйрену жоспарда бар. Осындай қолдауды тиімді пайдаланған жөн. Полиция департаменті мемлекеттік тілдің дамуына ерекше назар аударады, – дейді Виль Ахмадиев.

Ал Қостанай облысы полиция департаменті бойынша жылдам қимылдау арнайы жасағының қызметкерлері ерлеп тұр. Олардың қатарынан биыл 35 адам сертификатқа ие болды.

Ендігі жаңа оқу жылы ақпан айынан басталмақ.

Облыстық ПД баспасөз қызметі.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Полицейлер тіл меңгерді