Ақпараттық кітапхана орталығы туралы

Ғылыми кітапхана - жоғары оқу орнының ақпаратты, мәдени білім орталығы

Кітапхана тарихы 1939 жылы Қостанай мұғалімдер институты ашылған уақыттан басталады. Кітапхана жоо-мен бірге қатар өсіп, дамыды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасында 500 мың данаға жуық басылым қоры бар.

Кітапхана мазмұны, мақсаты мен оқу бағыттары бойынша сан түрлі, құрамында ғылыми-оқу әдебиеттері, кітаптар, мерзімді басылымдар, мультимедиялық материалдары бар кітапхана қоры әмбебап сипатта жасақталған.

Кітапхана топтамасында 1964 жылы М. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің кітапханасы сыйға тартқан сирек те бағалы 1000 данадан астам әдебиет бар. Әдебиет басылымдарының хронологиялық шегі 1883-1934 жж. қамтиды.

Кітапхана қорына жооішілік басылымдар: монографиялар, институттың профессор-оқытушылар құрамының оқу, оқу-әдістемелік құралдары баға жетпес құндылық пен ерекше даралық сипат береді.

  • Институттың кәсіби бағытына орай, 1939 жылдан бастап жинақталған 500 мың данадан астам отандық және шетелдік басылымдар қоры - кітапханамыздың ең басты байлығы.
  • Кітапханамызда, 1964 жылы Москва мемлекеттік университетінің кітапханасы сыйға тартқан сирек те бағалы әдебиеттер бар.
  • Кітапханамыздың ақпараттық инфрақұрылымында институтымыздың оқытушы - профессорларының ғылыми еңбектері жинакталған.
  • Жоғары оқу орындары кітапханаларының ағымдық талаптарына сай жасақталған электрондық кітапхана - кітапханамыздың мақтанышына айналып отыр.
  • Кітапханамыз институтымыздың студенттері мен оқытушыларына жедел түрде ақпаратты-библиографиялық қызмет көрсетеді.
  • Кітапханада оқушыларымыздың ақпараттық мәдениетін арттыруға бағытталған белсенді жұмыс жүргізілуде.
  • Кітапханамыз облыстағы арнайы орта және жоғарғы оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталығы болып табылады.
  • Кітапханамыз, Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары кітапханалары Ассоциясының мүшесі ретінде, еліміздің жетекші жоғарғы оқу орындары кітапханаларымен кәсіби негізде тығыз байланыс жасайды.
  • Кітапхана студент жастарды халқымыздың мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға және насихаттауға үйретеді.
  • Кітапханада интеллектуалдардың - «Эрудит» және ақындардың - «Вдохновение» клубтары жұмыс істейді.
  • Кітапхана өз жұмысында жаңа ақпараттық технологияларды қолданады. Ол сондай -ақ компьютерлік көшірме - көбейткіш техникасымен, автоматтандырылған ақпараттық кітапхана жүйесімен жабдықталған және компьютерлік «Интернет» желісіне қосылған.
  • Кітапханада студенттерге кеңестік көмек көрсете алатын; оларды кітапхананың ақпараттық қорын пайдалануға үйрете алатын жоғары кәсіби мамандар қызмет істейді.
  • Дәстүрлі және инновациялық технологияларды ойдағыдай ұштастыра отырып, кітапхана өзінің негізгі функционалдық міндеті - институттың оқу және ғылыми - зерттеу процесін ойдағыдай қамтамасыз етуде.

Ғылыми кітапхана облыстық әдістемелік орталығы ретінде  жыл сайын қала және облыстың оқу кітапханалары үшін "Ғылыми кітапхана: дәстүр мен жаңартпа" атты дөңгелек үстел өткізеді

110000, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 136, Тел.: 8(7142)-54-59-13,
Қостанай мемлекеттік педагогиқалық университеты,
Ақпараттық-кітапхана орталығы
директор Безаубекова Сәния Серікқызы,
E-mail:

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана Ақпараттық кітапхана орталығы туралы